11 сынып оқушысы терезеден секіріп кетті
Шымкенттегі «Асар-2» шағын ауданында 11-сынып оқушысы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Бүгінде ауруханаға жедел жәрдеммен жеткен қыздың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Бірнеше ауыр жарақаттары бар. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады. Ал полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша істі тіркеді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бесінші қабатта тұратын жасөспірімнің үйінде сыныптастары болған. Ал мұндай қадамға баруына қыздың әкесімен арадағы ұрыс-керіс себеп болыпты.