Бәстен жеңген Илон Маск

0

Маск пен оның компаниясы Австралиядағы ең қуатты аккумулятор стансасын 100 күнде орнататындықтарына   бәс тігеді. Олай болмаған күнде  энергия сақтау жүйесі Австралия билігіне тегін берілуі керек еді. Маск бәсті  жеңді, бірақ БАҚ оның қулығын ашып берді.

Миллиардер Илон Масктың Tesla компаниясы Оңтүстік Австралияда 100 МВт Powerpack ультра жоғары қуатты аккумулятор жүйесін орнату жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Қазір жергілікті билік зауыт жүйелерін сынақтан өткізуде. Соңғы қосу 1 желтоқсанға жоспарланған. Маск өз кезегінде Tesla қызметкерлерін жұмысты «рекордтық уақытта» аяқтауларымен құттықтады. Бірақ БАҚ миллиардердің қулыққа барғанын анықтады.

Бәс неден басталды?

Тесланың негізгі иесі наурыз айында Оңтүстік Австралия мен елдің федералды үкіметіне шарт қойды. Миллиардер онда 100 МВт-сағ электр энергиясын сақтау жүйесін салу арқылы мемлекеттің электр энергиясына қатысты мәселесін 100 күн ішінде шешуге уәде берді.

Жергілікті билік алдында тұрған мәселелер Оңтүстік Австралияның жаңартылатын энергия көздерін, ең алдымен жел диірмендері мен күн панельдерін қарқынды дамыта бастағанына байланысты туындады. Жергiлiктi бiлiк тыныш немесе бұлтты а-райында электр қуатымен қамтамасыз етуге қабылетті дәстүрлі энергия немесе сақтау қуаттарының үйлесімді дамуын қамтамасыз ете алмады. Сонын салдарынан 1,7 миллион тұрғыны бар мемлекеттің  электр желісі жақында бұлтты жане желсіз күндерде бірнеше рет сөніп қалды.

Илон Маск не уәде етті?

9 наурызда Tesla компаниясының Энергетика жөніндегі вице-президенті Линдон Рив компания Оңтүстік Австралияның ауа-райына қарамастан электр қуатын ұстап тұруға жеткілікті 100-300 МВт-сағ батарея жүйесін орната алатынын айтты. Ол Невададағы (АҚШ) ұқсас, кішірек болса да Gigafactory жобасын жүзеге асыру үшін 100 күн қажет екенін атап өтті.

Ривтің мәлімдемесі бар жарияланымдар шыққаннан кейін австралиялық миллиардер және Atlassian IT-компаниясының негізін қалаушы Майк Кэннон-Брукс Twitter-де Масктың бұл идеяға қаншалықты дайын екенін  екенін сұрады. Tesla иесі оның компаниясы келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін үш ай ішінде жүйені салуға немесе уәде орындалмаған күнде оны Австралия билігіне тегін беруге дайын екенін айтты. «Бұл шарт сізге жеткілікті  ме?» — деп сұрады Маск. Осы твиттерден кейін Кэннон-Брукс мәселені мемлекеттік органдармен шешу үшін үзіліс жасап, көп ұзамай идеяны мақұлдап оралады.

Маск қулығы қалай жүзеге асты?

Илон Маск мемлекеттік органдар бәстің  шарттарын бекіткеннен кейін 29 қыркүйекте жұмысқа кіріссе, уәде етілген 100 күнде орындай алар ма еді, белгісіз. Дегенмен, Mashable жұмыс ресми түрде басталған кезде жүйе жобалық қуаты 50 МВт, яғни  жартылай  жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Ресми түрде шарт орындалды, бірақ шын мәнінде Маск стансаны салуды олардың Кэннон-Брукспен бірлескен бастамасын ресми мақұлдамай тұрып бастағаны белгілі болды.

(фото vedomosti.ru сайтынан алынды)