Навальный 9 жылын темір торда өткізеді

0
29

Мәскеу соты оппозиционер, «Жемқорлықпен күрес қорының» негізін қалаушы Алексей Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Kznews.kz жаңалықтар порталы Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Саясаткер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Оның Қор жұмысына ақша жинау ісін алаяқтық деген және сотқа құрмет көрсетпеді деген айыптар тағылды. Навальныйға үкім шыққан соң оның адвокаттары да ұсталып, кейін босатылды.

Amnesty International ұйымы сот үкімін «адам құқықтарын өрескел бұзу» деп бағалады.

(фото dw.com сайтынан алынды)