10-12 желтоқсанда ауа райы қандай болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанда демалыс күндері ауа райын анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп, Алтайға қарай ығысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер 2019 жылдың 10-12 желтоқсанына ауа-райы болжамын жасады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, демалыс күндері ауа райын анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп, Алтайға қарай ығысуда.

«Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжып келеді. Соған байланысты ауа райы жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктегі облыстарда батыстан екпінді жел тұрып, бұрқасындатады», — деп жазылған хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы 0°С, оңтүстікте плюс 5…12°С болады деп болжануда, бұл орташа климаттық нормадан жоғары. Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.



sputniknews.kz