Қыстың алғашқы күні «Жетінші арнада» «Бастық боламын-4» танымал сериалының көптен күткен тұсаукесері өтті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның мыңдаған көрермендері сүйіп көретін комедия жанрындағы отандық телесериал.

Оның алғашқы маусымы 2016 жылы «Жетінші арнадан» көрсетілді. Ал 2018 жылы күзде сериалдың үшінші маусымы көрсетілген соң көптеген жанкүйерлер оның жалғасын тағатсыздана күтті. Соңғы маусымда көрермендерді сүйікті кейіпкерлері мен жаңа жарқын типаждар күтіп тұр, олар көрермендердің көңлінен шығатынына күмән жоқ.

Соңғы маусым алғашқы үш маусымнан немен ерекшеленеді? Басты кейіпкер Арманның жағдайы не болмақ? Ол сүйіктісі Алтынайға үйлене ме? Осы және басқа да сұрақтарға сценарий авторы, продюсер және бас кейіпкердің рөлін сомдаған — Ерлан Қасымжанұлы жауап береді. 

— Ерлан, сериалдың соңғы маусымындағы кейіпкерлер жайлы айтып беріңізші.

— Көрермендерімізді сүйікті кейіпкерлері, атап айтқанда, Арман, аудан әкімі Аманжол, агроном Жүсіп, ауыл жігіттері, «көк иттер» бандасы, ылғи әкімдіктің жұмысын сынға алып, Н. Ә. Назарбаевқа шейін шағымданып хат жолдайтын Базарбай ақсақал, алаяқ – алып-сатар Летчик, ауылдың бірінші ханымы – Света әпке, бөлімшелік полиция қызметкері Мәлік және тағы басқалары күтіп тұр. Таныс кейіпкерлерден бөлек жаңа кейіпкерлер де болады. Мысалы бір серияда, қай серия екені құпия болсын, Арман жұмыс орнын өзгертеді. 

Иә. Ол Бүлдіргенмен уақытша қоштасып, Қарағаш атты жаңа ауылдық округті бағындыруға аттанады. Оны әкімнің орынбасары  — Комсомол күтіп алады. Есімін БЛКЖО (Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы) құрметіне атасы қойған екен. Шыны керек, Комсомол әкімнің орнына көз тігіп жүрген, алайда жас та талапты Арман бұл жоспардың тас-талқанын шығарды. Комсомол – барып тұрған мансапқұмар, жағымпаз, қара басының қамы үшін ештеңеден тайынбайтын екіжүзді адам. Ал аудан әкімі Аманжол аға өз жанына Ерболат есімді жаңа орынбасарды алады. Бұдан бөлек көптеген жаңа кейіпкерлер бар, бірақ әзірше жаңа маусымның сюжетін түгелдей ашпай тұра тұрайын (жымияды). Бір-ақ нәрсені айтайын – бұл соңғы маусым. Меніңше, бұл маусымның рейтингі бәрінен де жоғары болады. Мен автор ретінде, кейіпкерлердің мінезі мен сюжеттік желіні ескердім. Сериал барынша қызықты болсын дедім.  

— Бәрі неден басталды?

— Сериалдың басты кейіпкері Арман – жетекші ЖОО-ның түлегі, қаланың ерке баласы, тамыр-таныс арқылы Алматы әкімдігіне жақсы қызметке тұрғысы кеп жүреді, алайда оны ауылға жібереді. Арман, әрине, бас тартады, сөйтіп достарына «Мені Брюссельге жіберді» деп өтірік айтып, курстасы екеуі мас күйінде Қапшағайдағы казиноға жол тартады, сосын қылмыс әлемінің серкесі Төбетпен келеңсіз оқиғаға тап болады. Арман Төбеттен қашып құтылуға мәжбүр, сөйтіп өзі таратқан өсекті жамылып, Еуропаға ұшып кеткендей болады. Ал шын мәнінде, Бүлдірген ауылдық округіне кеп, әкімнің орынбасары боп қызметке тұрады. 

Алғашқы маусымда Арман ауылға, жергілікті тәртіп пен дәстүрге үйренеді. Өз жұмысын тыңғылықты атқарады, жеке бизнесті дамытады, ауыл шаруашылығын жандандырады, жолдарды жөндейді, инвесторларды тартады, ақыры соңында бастығы – Аманжолдан асып түседі. 

Ал екінші маусымда Арман аудан әкімдігінде жұмыс істейді, әлеуметтік мәселелермен айналысады. Алайда БАҚ-қа қатысты жанжалдан соң Арманды қайта әкімнің орынбасары етіп Бүлдіргенге жібереді. 

Ал үшінші маусымда әңгіме тойға кеп тіреледі. Арман Аманжолдың қызына үйленбекші болады.  

Бірақ осы сәтте Төбет пайда болып, жеке мәселелерін Арманның көмегімен шешпекші болады. 

Комедиялық жоба жайлы жаңалықтар мен фактілер: 

  1. Төртінші маусымның түсірілімі Талдықорған қаласына қарасты Есік қалашығының Қаракемер ауылында өтті.  
  2. Сериалды түсіруге түсірілім тобы мен актерлерді қоса есептегенде, жалпы саны 48 адамнан құралған топ ат салысты. Бұл өте ауқымды жоба, ол 70 ауысымнан тұрды, оның 60-ы ауылды өтті. 
  3. Өте көңілді, ұйымшыл және төзімді команда жиналды. 
  4. Түсірілім кезінде сериалды жасаушы Ерлан Қасымжанұлы әрқашан түсірілім алаңында жүрді және продюсер ретінде түсірілім командасына жайлы жағдай жасауға тырысты.
  5. Түсірілім командасы түсірілім болған Қаракемер ауылындағы колледждің жаңа жатақханасында тоқтады. Барлық команда түсірілім кезінде осы ауылда тұрды.      

«Бастық боламын-4» танымал сериалының соңғы маусымын «Жетінші арнада» 1-ші желтоқсаннан бастап жұмыс күндері сағат 21:05-те көре аласыздар.  
 

stan.kz