1 жас туған күнге тілектер — құттықтау бір жас
Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деген атқа лайық болсын!
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, балаңыздың көңілі үнемі жақсылықтан жадырасын!
Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз!!!
Бала – адамның бауыр еті. Бірін бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.
Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.
Менің осы айтқаным той – тілегім үшін дастархандағы дәмнен алып отырыңдар!
Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді!
Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын!
Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!
Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!
Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.
Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!
Осы ақ дастархан басына адал ниетпен жиналып отырған қонақжай халқым, бүгінгі тойдың қандай той екені баршаңызға мәлім. Сондықтан мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын!!!
«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата — әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.
Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!
Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін!!!
Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін!!!
Қажымас қайрат,
Талмас талап,
Мұқалмас жігер,
Қайтпас қажыр тілеймін!!!
Ал егер ұл болса:
Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол!!!
Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!
1 жас туған күнге арналған тілектер
Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.