ШҚО-да бұрынғы еден жуушы әкім болды

0

Аудан әкімі лауазымына тағайындалған Тамара Рахымжанова осы кезге дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған

Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы.

«Тамара Анатольевна Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, ол өзінің еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларда тазалаушы болып бастаған», – делінген ақпаратта.

Тамара Рахымжанова
Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «персоналды басқару» мамандығы бойынша білім алған.

2014-2016 жылдары «Өскемен тазалық» ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары – «Өскемен тәртіп» КМК директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Тамара Рахымжанова жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз