Вице-министрдің көлігі жардан құлап, әйелі мен қызы көз жұмды

Жаңа жыл түнінде Өзбекстан су шаруашылығы министрінің орынбасары Вохиджон Ахмаджоновтың Chevrolet Gentra маркалы көлігі Камчик асуындағы жардан құлап кеткен.
Көліктегі оның әйелі мен үш жастағы қызы көз жұмды. Вице-министрдің өзі ауруханаға түскен.
Отбасы Ферғанаға, ата-анасымен бірге Жаңа жылды қарсы алуға жолға шыққан екен.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.