Ақтауда әйелге жол бермеген полицей жазаланды

0

Жаяу жүргіншілер жолында әйелдің жолын бөгеген полицей жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде әйелдің полицейді өзіне жол бермегені үшін ұрысып жатқан сәтте түсірілген видео тарады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның 3 қаңтар күні Мұнайлық ауданында болғанын айтты.

«ВАЗ-2114 автокөлігін тізгіндеген полиция қызметкері жаяу жүргіншілер жолында әйелге кедергі келтірді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қызметтік тексеру жүргізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.