Трамп билікті беруді бастауға бұйрық берді

0

АҚШ президенті Дональд Трамп билікті беруді бастауға бұйрық берді. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.

Трамп Жалпы қызметтер әкімшілігіне (GSA) және оның командасына билікті Демократиялық партияның Джо Байденге тапсыру туралы алғашқы хаттамалар бойынша «қажет нәрсені жасауды» тапсырды. Америка басшысының айтуынша, ол мұндай шешімді «елдің мүддесіне сай» қабылдады.

Сонымен бірге Ақ үйдің иесі өзінің жеңіске жететініне сенім білдірді.

«Біздің мақсатымыз жақсы жетістіктерге жету, біз күресуді жалғастырамыз, мен жеңетінімізге сенімдімін!» деді ол.

Бұл арада CNN АҚШ федералды билігі Байденге билікті беруге дайын екендіктерін хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамптың әкімшілігі Байден әкімшілігіне өкілеттіктерді беруге дайын екендігі туралы хабарлаған. Тиісті мәлімдеме Жалпы қызметтер әкімшілігінің (GSA) басшысы Эмили Мерфидің хатында келтірілген.