Өлім жазасына кескен: Сот қателігінен ер адам 20 жыл түрмеде отырып шықты

0

АҚШ-та қателікпен өлім жазасына кесілген ер адам араға 20 жыл салып ақталып шықты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Американың Огайо штатында дүниеге келген Джо Д’Амброзио өзі жасамаған қылмыс үшін түрмеде 20жыл отырған. Бұл штат тарихындағы ең қысқа сот отырысы болды. Ол небәрі үш күнге созылған.

1988 жылы 26 жастағы Джо Д’Амброзио және оның екі досы 19 жастағы Энтони Кланды өлтірді деп айыпталып, қатаң жаза кесіледі. Кінәлі деп танылуына досының соттағы сөздері дәлел ретінде қолданылған. Десе де ол сол кезде еш кінәсіз екенін айтқан.

«Мені тұтқындағаннан кейін түрмеде отырғанымды ешкім айтқан жоқ. Себебі, мені жақын арада босатады деп ойладым. Алайда әп-сәтте мені кінәлі деп таныды», — дейді ол.

Бүгінде 58 жасқа толған Джо мемлекеттен өтемақы талап етіп отыр. Өлім жазасын алып тастау үшін барын салуда.

«Мен жоғалтқан уақытта ешбір ақша қалпына келтіре алмайды.
Мен ересек өмірімнің 80%-ын жоғалттым, түрмеде қартайдым», — деді ол.

Прокуратура мәліметінше, Джо 1973 жылдан бері өлім жазасынан құтылған 140-ыншы адам.