Макрон мұсылман лидерлеріне исламизмге қарсы тұруға 15 тәулік уақыт берді

0

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің мұсылман лидерлерін исламизмге қарсы тұру үшін республикалық құндылықтардың хартиясын қабылдауға шақырды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Елисей сарайының мәліметіне қарағанда, мемлекет басшысы 18 қарашада Мұсылман кеңесіндегі имамдармен кездесіп, оларға хартияны қабылдауға 15 тәулік уақыт берді. Макронның айтуынша, құжатта республикалық құндылықтар көрсетіліп, ислам — саяси қозғалыс емес, діндердің бірі екені белгіленуі тиіс. Сонымен бірге француз мұсылман қоғамына шетелдіктердің араласуына тыйым салуы керек екенін тапсырды.

Бұдан бөлек Мұсылман кеңесі имамдардың мемлекеттік кеңесін құрып, ол Франциядағы имамдарға сертификаттар берумен айналысуы керек. Егер дін қызметкерлері хартияға сәйкес келмейтін әрекеттерге барса, жаңадан құрылатын мемлекеттік кеңес олардың сертификаттарын қайтарып алу құқығына ие болады. Кездесу кезінде Макрон мұсылмандардың радикалдануының алдын алу үшін исламизмге қарсы күрес бойынша әзірленіп жатқан жаңа заң жобасы туралы да айтты. Францияның министлер кабинеті бұл заң жобасын 9 желтоқсанда талқыламақ.

Қыркүйектің ортасында Париж түбінде ұлты шешен Абдулах Анзоров тарих және география мұғалімін өлтірген. Оған дейін мұғалім сабақта оқушылар мен сөз еркіндігі жөнінде айтып, Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Анзоров мұғалімді пайғамбарды кемсіткені үшін өлтіргенін айтқан.

Президент Эммануэль Макрон қол салу «исламистік теракт» деп атап, Францияның құндылықтарын радикал исламнан қорғауға шақырған. Өлке басшысының бұл мәлімдемесі мұсылмандар арасында наразылық туғызған. Мұғалім өлімінен кейін екі апта өткен соң Ницца қаласында пышақпен үш адам өлтірілді.