Facebook, Instagram, Twitter, Snapchat, YouTube — бәрі Трампты бұғаттады

0

Америкалық ірі әлеуметтік желілер АҚШ президенті Дональд Трампқа жазбаларын жариялауға мүмкіндік бермей, аккаунттарын бұғаттады.

Атап айтқанда, Facebook, Instagram, Twitter, Snapchat желілері мен YouTube каналы Капитолийға басып кірген жақтастарын үйіне тарауға шақырған видеоүндеуін жарияламады.

Президенттің твиттердегі аккаунты 12 сағатқа бұғатталды. «Вашингтондағы зорлық-зомбылыққа жалғасқан тәртіпсіздіктен кейін @realDonaldTrump деген үш аккаунттағы жазбаларды өшіруді сұрадық», – делінген Twitter хабарламасында. Онда саясаткер АҚШ президентін сайлауда заң бұзушылықтар орын алды деп мәлімдеген. Бұдан бөлек #StormTheCapitol хештегі де бұғатталған.

Facebook президенттің екі постында заң бұзушылықтар барын мәлімдеді. Instagram да бұл шешіммен келісетінін жеткізді. Snapchat өкілі президент аккаунтын бұғаттағанын хабарлады.

YouTube каналы Трамптың Капитолийға басып кірген халықтың тарауын сұраған видеоүндеуін өшіріп тастады деп хабарлайды The Verge.

Facebook пен Twitter де Трамптың видеоүндеуін жойды.

6 қаңтарда Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратын басып кірді. Онда қарашада өткен президент сайлауының қорытындысы жайында жиналыс өтіп жатқан. Қақтығыс кезінде бір адамды полиция атқан. Тағы үш адам қайтыс болған, бірақ олар жайында нақты мәлімет жарияланбады.