Жаңаөзендік жанашырлар мүгедек әке мен қызына үй сыйлады (видео)

0
2560

Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында мүгедек әке мен оның қызы қандай қорқынышты жағдайда тұрып жатқаны туралы видео тараған еді.

Видеодағы басты кейіпкер — 14 жасар Қалжан. Анасы отбасын тастап кеткелі қыз бала оны көрмеген. Қалжан осы күнге дейін әжесі және мүгедек әкесімен бірге тұрып келеді. Екі жыл бұрын қария мәңгілік сапарға аттанып, әкесі екеуі жалғыз қалған. Қыз бала мектепте ел қатарлы оқып қана қоймай, үй жұмысын да өз мойнына алған.

Үйде газ, жылу және жарық жоқ. Пешті отынмен жағады. Алайда отын тез таусылып қала береді.

Видеоны көрген Жаңаөзен тұрғындары оларға жер алып берді. Қалжан мен әкесі жаңа үйлеріне келіп, қоныс тойларын тойлап үлгерді.