Ешкім көмекке келмеген: Қоршаудан асып өтпек болған әйел үсіп өлді

0

Башқұртстанда қоршаудан асып өтпек болған орта жастағы әйел киімі ілініп қалып, сол жерде үсіп өлді.

Әйелдің денесін таңертең көршілері тауып алған. Олар оқиғаның түнде болғанын және әйелді ешкім байқамағанын айтады.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті аталған фактіге сәйкес, тексеріс жұмыстарын бастады. Олардың алдын ала болжамынша, өлімге өзге адам кінәлі емес. Мәйітте зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ.