ДДСҰ коронавирустың үшінші толқыны басталатын уақытты атады

0

Егер еуропалық елдер қазір қажетті инфрақұрылымды құрмаса, онда 2021 жылдың басында оларға COVID-19 үшінші толқыны қаупі төніп тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) арнайы өкілі Дэвид Набарро айтты.

Оның айтуынша, Еуропа коронавирустың бірінші толқынын бақылауға алды, бірақ екіншісіне тосқауыл бола алмады.

«Олар жаз айларында қажетті инфрақұрылымды құру мүмкіндігін жіберіп алды», — деді Набарро.

Соңғы мәліметтер бойынша әлемде 57 миллионнан астам адам инфекция жұқтырған.

Қазақстанда ауруды жұқтырғандардың саны 125 мыңнан асты .