80 млнға мұз қалашығы: Covid-19 өршіп тұрғанда Нұр-Сұлтан әкімдігі өзгеше тапсырыс берді

0

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімдігі 80 млн теңгеге мұз қалашығын салуға тапсырыс берген.

21 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында 59 адам ковидпен ауырған. Осы күнге дейін астанада 15570 адам коронавируспен ауырған.

2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін орындалуы тиіс тапсырысты 19 қараша күні берген.

Әлеуметтік желі қолданушылары пандемия кезіндегі мұндай шығындардың артық екенін айтып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 5-шілде күнгі Нұр-Сұлтанда қала күніне орай (шындығында Назарбаевтың туған күніне орай) отшашу ұйымдастырылған болатын. Қала әкімдігі оны «пандемия кезіндегі халықтың көңілін көтеру» деп түсіндірді.