Бес жасар қыз суши жеп қайтыс болды

0

Ресейдің Челябинск қаласында суши жеген бес жасар қыз көз жұмды. Тергеушілер оның өліміне қатысты тексеріс жүргізуде.

Бұл туралы «Түркістан» басылымы жазды.

Ведомство атап өткендей, өлімнің себебі жайлы, оның ішінде баланың астан уланғаны туралы айтуға әлі ерте.

«Челябинск сегодня» порталының дерегінше, екі баласы бар жас отбасы сушиға тапсырыс берген. Жеткізілген тамақты ата-анасы балаларға да жегізген. Алайда бүлдіршін суши жеп болған соң өзін нашар сезіне бастапты. Дәрігерлер баланы құтқара алмады.

«Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Әзірге қандай да бір диагноз қоюға ерте», – дейді аймақтық тергеу комитеті басшысының бас көмекшісі Владимир Шишков.