Түс жору: Жылан түске кіреді. Түсінде жылан көру. • Түс Жору
Жылан неге түске кіреді?
Цветкова түс жоруы – Жылан
- түсіңізге кірген жылан – арамдық пен сатқындық;
- жорғалап келсе – індет пен көзге шөп салу;
- жыланды өлтіру- тығырықтан шығу, ренішті ұмыту;
- ақ жылан – түсініксіз көмек.
Ванганың түс жоруы бойынша – Жылан
- Түсіңізде жорғалаған жыланды көру – сізге қарсы құпия қаскүнемдік жасап жүріп, ашық жанжалға бел буған қас жауыңызбен жақын арада текетірестің болатынының белгісі.
- Егер, жорғалаған жылан улы болса, бұл ұрыста сіз жеңбейсіз, себебі ол адам сізге қарағанда қу, əрі күштірек.
- Улы емес жылан сіздің ол адамның айласын өзіне қарсы қолданып, жеңіл жеңетініңізді хабарлайды.
- Түсіңізде жыландардың тобын көру – жаман белгі. Бұл түс сіздің айналаңызда қаскүнем, қызғаншақ жəне қу адамдардың көп екендігін білдіреді. Олар сізге отбасылық өмір мен жұмыста жамандық тілеп қана қоймай, өлуіңізді қалайды. Сондықтан, барлық таныстарыңызға сақтықпен қараңыз, эмоцияда айтылған кез келген сөз сізге кері қызмет жасауы мүмкін.
- Түсіңізде жылан сізді шақса, шынайы өмірде жақын адамыңыздан қатты көңіліңіз қалады. Ұзақ уақыт бойы сіз сенетін жақын адамыңыздың қолдан жасап жатқан ісі екенін білмей, бітпейтін сəтсіздіктеріңіздің себебін іздейтін боласыз.
- Ал ұйқыдағы жылан жауларыңыздың сізді айықпайтындай күйрету үшін тек қана ыңғайлы уақыт күтіп отырғанын білдіреді.
- Адамның мойнын қылқындырып оратылған жылан – өте нашар белгі. Жақын адамыңыздың өлімі туралы сіз алғашқылардың бірі болып естуіңіз ықтимал.