Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Назарбаев дәуірінің қасапшысы»: Гүлжан Ерғалиева ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев жайлы айтты

«Назарбаев дәуірінің қасапшысы»: Гүлжан Ерғалиева ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев жайлы айтты
Фото: Бейнеден кадр

Белгілі журналист, «Elmedia» жобасының негізін қалаушы Гүлжан Ерғалиева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевқа және оған мінбер беріп, сұхбат алған әріптесіне қатысты өте өткір жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ерғалиеваның пікірінше, кезінде Назарбаев режимінің ең қатыгез жазалаушы құралдарының бірі болған адамның бүгінде өзін демократ әрі саяси сарапшы ретінде көрсетуі – арсыздықтың шегі.

Журналист өз жазбасын мемлекеттік қылмыскердің қазіргі билікті сынап, Тоқаевты әлсіздігі үшін сөккені бастапқыда күлкілі көрінгенін, алайда кейіннен оның сөздерінен төбе шашы тік тұрғанын айтудан бастайды.

«Оның Қажыгелдинге, Сәрсенбаевқа және басқаларға қарсы жасалған қуғын-сүргін туралы бейнебір өзінің бұған еш қатысы жоқтай еске алғаны қорқынышты болды. Рахат Әлиевтің тәлімгері, бұрынғы қасапшы Мұсаев 1997 жылы Назарбаевтың күйеубаласымен бірге экс-премьер Әкежан Қажыгелдинді тікелей қудалаумен айналысты. Ал қазір ол еш қымсынбастан оппозицияны қудалағаны үшін қазіргі режимді айыптап отыр», – деп жазды Ерғалиева.

Гүлжан Ерғалиева экс-чекистің қанды қылмыстарын жіпке тізді. Оның айтуынша, 2006 жылы киллер Ибрагимовтың түсініктемесіне сәйкес, Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі серігін ұрлап, атып тастауға тікелей бұйрық берген осы Мұсаев. Сондай-ақ, журналист оның өз отбасына жасалған шабуылға да қатысы бар екенін мәлімдеді.

«Рахат Әлиевтің дәуірлеп тұрған шағында Мұсаев менің үйіме қарақшыларды жіберіп, олар отбасымды өліспей-беріспейтіндей етіп сабап кетті. Ол 2007 жылы банкирлер Темірәлиев пен Хасеновті ұрлауға, азаптауға қатысты, олардың әк қосылған бөшкелерге қалай көмілгенін білді, бірақ көп жыл бойы үндемей келді», – дейді ол.

Ерғалиева Қазақстанда ауыр қылмыстары үшін сырттай 40 жылға сотталған Мұсаевтың 20 жыл бойы Еуропада алаңсыз өмір сүріп жатқанына наразы. Оның пікірінше, Мұсаев Назарбаев элитасының қылмыстарын ең жақсы білетін адам, өйткені ол сол қылмыстардың тікелей ұйымдастырушысы болған.

Сондай-ақ, Elmedia басшысы Мұсаевтан сұхбат алған журналист Динара Егеубаеваны да қатаң сынға алды. Ол Егеубаеваны «Назарбаев билігі кезіндегі тарихты мүлдем білмейді, не жағдайдың байыбына бармайды, не болмаса қанқұйлы Мұсаев сияқтылардың абыройын әдейілеп тазартумен айналысып жүр» деп айыптады.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан