Түс жору: Қар неге түске кіреді? Түсінде қар болса. • Түс Жору

0

Қардың түске кіру себебін білу үшін алдымен бұл түсті жылдың қай мезгілінде көргеніңізден бастайық. Қыс мезгілінде түсіңізде күн сайын қар көруіңіз мүмкін, оның ешқандай астары жоқ. Сабебі, біз түсімізде өңімізде көрген затты көреміз, ал қыста қарды күн сайын бақылаймыз. Қарды жылы мезгілдерде көрсеңіз ғана оның астарында мән болуы мүмкін.

  • Аппақ қардағы қан – өкінішке, төніп тұрған қауіпке және ауруға баланады. Қардың үстімен жүру – өзгеріске және ұнамды күтпеген сыйлыққа.
  • Қардың түсуі – мұқият болуыңыз керектігін ескертетін белгі.
  • Қар қылауына қарау – өміріңіздің жеңілдейтінін және қуанышты сәттердің көп болатынын білдіреді.
  •  Қар үстінде қалған іздерін өшіруге тырсқан адамды көрсеңіз, күйзеліске түзесіз, күдікшіл бола бастайсыз. Іздерін жасыраған қоянды көру – қиын сұрақтың жауабын таба алмай дел-сал болатыныныңызды білдіреді.

Түсінде қар психологиялық тұрғыдан түсіндіреміз.

Гештальт-психологияға сүйенсек, қар күштің сарқылуын, қартаюды және үдерістің тоқтауын білдіреді.

  • Қарды қолда ұстауыңыз нені болжамдайды? Ойыңыз сізге ағзаңызды әлсіздететін аурулар туралы белгі береді.
  • Қар үстінде жаяу жүргеніңіз түске кірсе де, осындай затты астарлайды.
  • Тоңып тұрсаңыз да, қардың үстінде тұра беру – аурумен күреспей жеңілетініңізді білдіреді.
  • Қарды түсте көру – күйзеліске, апатияға мойынсұнатыныңыздың белгісі. Бар күшіңізді көрсетуіңізге, ашылуыңызға кедергі болатын іштей қорқынышыңыздың бар болуы да мүмкін. Бәлкім, сіз тығырыққа тіреліп, содан шығар жолды таба алмай жүрген шығарсыз.
  • Қарды еріту – күйзелістен шығу, өзіңізге ерік беру.
  • Ал қарды өзіңіздің үстіңізге төгу – эмоцияның молдығына.

түсінде қар түс жору қар

Романтикалық түс жору бойынша: түске қар кірсе

  • Қар – алдаудың және күтпеген іс-әрекеттің белгісі. Әдетте ол жасырын қиындықтар туралы хабар береді.
  • Ер адамның түсінде қау түскенін көруі – оның сарқылмаған сексуалды белсенділігінің көрінісі.
  • Ал әйел адам үшін бұндай түс – нәрестелі болатынын білдіреді.
  • Аппақ қардың үстімен түсіңізде жүгірсеңіз, жеке өмірдегі қарым-қатынасыңыздан көңіліңіз қалатынын, бұл байланыс сәтсіздікке ұшырайтынын білдіреді.
  • Қар омбысын көрсеңіз, керісінше, отбасыңызда береке орнап, жеке өміріңізде бақытты боласыз.
  • Терезеден қар қырауларын бақыласаңыз, өмірде сүйіктіңізден көңіліңіз қалады, оған деген сезімдеріңіз суиды.

Отбасылық түс жорығыш бойынша түсінде қар көрсеңіз:

  • Қарды көру – күлкіге. Түсіңізде қар жауып тұрса, өміріңізде қуаныш көп болады, бастаған әр ісіңіз сәттілікке әкеліп, жолыңыз болады.
  • Қар омбыларын көру – өміріңіздің жақсы жаққа өзгеретінін білдіреді.
  • Қар ұшқындарының біртіндеп жауғанын көрсеңіз, сүйіктіңізбен жақсы демаласыз, ал тұрмыста болсаңыз, онда отбасылық берекетке кенелесіз.
  • Егер, қар ұшқындары шашыраса, онда отбасылық мерекеде көп қуанышты сәттерге келенесіз.
  • Жазықтық үстіндегі аппақ қар жамылғысын көру – ұзақ уақыт бойы ешқандай уайым көрмейтініңіздің белгісі.
  • Қардың еруін көрсеңіз, онда жоспарыңызды орындамас бұрын ойыңызды, сезіміңізді реттегеніңіз жөн болар.
  • Жауған қар кір болса, онда өсек сөздер сіздің көңіл-күйіңізді түсіреді.
  • Егер де, сәрсенбіден бейсінбіге қараған түні түсіңізде қарды көретін болсаңыз, онда бәз біреулер сіздің абыройыңызды аяқ асты етпек болып, сіз туралы қауесеттер таратып жүр. Дәл осындай түсті сенбіден жексенбіге ауған түні көрсеңіз, сіздің туыстарыңыздың бірі өсек сөзден зардап шегеді.
  • Түсіңізде қарды ұстап көрсеңіз, қызық махаббат оқиғасын бастан кешіресіз.
  • Егер де түсіңізде қар жапалақтары жаңбырмен, ол өз кезегінде қарға ұласып жатса, жақсы сәттермен бірге қапалы жаңалықтарды да сезінетін боласыз.
  • Алдымен дауылды, кейін жаңбырды көрсеңіз, қуанышыңыз өкпеге ұласады.
  • Қарды қолмен ысыру – барлық қиындықтыраңызды шешу сіздің ғана қолыңызда екендігін білдіреді. Сіз жасап жатқан іс қате болғандықтан, өміріңіз теріс жаққа бұрылуы мүмкін.

тус жору кар тусинде кар туске кирсе

Әйел түс жоруы бойынша қыс неге түске кіреді.

  • Қарды түсінде көрген адам өмірде әлі шынайы қиындықты, ауруды немесе жұмыстағы келеңсіздіктерді бастан кешіп көрмеген.
  • Қардың беті кір болуы – өзіңіздің намысқойлығыңызды басып, сізге немқұрайлы қарайтын адаммен татуласуыңыз керектігінің белгісі.
  • Еріген қарды көрсеңіз, сіздің қорқыныштарыңыз қуанышқа айналады.
  • Тау басындағы қарды көруіңіз, атаққұмарлығыңыздың арқасында сіздің лайықсыз табысқа ие болатыныңызды білдіреді.
  • Күнмен шағылысқан қарға батқан табиғатты көрсеңіз, онда ұзақ бойғы сәтсіздіктен кейін үлкен күш пен қуатқа ие болатыныңызды білдіреді.
  • Түсіңізде боранның астында қалсаңыз, күтіп жүрген ісіңіз сіз ойлағандай шықпай, сізді біраз өкпеге батырады. Бұндай түс үнемі жан күйзелісін білдіреді.
  • Қарды жеу – үлгі тұтатын, идеал көретін заттарыңыздан айырылатыныңызды көрсетеді.
  • Терезеден жауып жатқан қар жапалақтарын көрсеңіз, жақын адамдарыңыздың бірімен жанжалдасасыз да, кейін ақшадан тарыла бастайсыз.
  • Түсінде қыз бала өзінің шанамен қар үстінде сырғанағанын көрсе, өмірде сүйіктісі үшін таласуы керек болады.
  • Түсіңізде қармен ойнасаңыз, отбасылық ұрыстар басталып, ұятсыз туыстарыңызбен жанжалдаса бастайсыз. Егер де әділеттілікке қол жеткіземін десеңіз, өзіңіздің ойыңызды салмақты түрде жеткізуіңіз керек.
  • Қарға батып, одан шыға алмасаңыз, ұзақ уақыт бойы сәтсіздіктермен алысасыз.

Европа түс жору бойынша

  • Түсінде қарды көру – күлкіге, еңбекке, табысқа, кездейсоқтьққа, кездесуге, мейірімділікке және махаббаттың бітуіне.
  • Қардың өз мезгілінен ерте не кеш жаууы – сәтсіз істерге.
  • Қардың үстімен жүру – қуанышты таңқалуға, тойлатуға, ауылдағы өлімге.
  • Қарды жинау – тайталасқа, жууынуға.