Түс жору: Түсінде кілт болса. Кілт неге түске кіреді? • Түс Жору

0

Түс жору: кілт неге түске кіреді?

Миллер түс жоруы бойынша- кілт

  • Түсіңізде кілтті көру – жоспарланбаған өзгерістерге.
  • Кілтті жоғалту – ұнамсыз əрекеттерге қапалану.
  • Түсінде Кілтті тапқан адам отбасылық бақыт пен жұмыстағы табысқа жетеді.
  • Бүлінген кілт – айырылысуға. Себебі өлім немесе қызғаныш болады.
  • Жас ару түсінде əшекей бұйымының құлпын жоғалтатын болса, сүйіктісімен ұрысып, сол үшін алаңдайтын болады.
  • Құлыптанбаған есікті көрсе, өзін тыңдайтын жаңа ынтық жігітті кезіктіреді.
  • Түсінде есікті құлыптаса, тұрмысқа шығады.
  • Жоғалтса, дұрыс ойлай алмауының кесірінен абыройын былғайды.

түсінде кілт түс жору

Нострадамус түс жору бойынша – кілт

  • Кілт – қиындықты шешудің оңай жолын іздеуді білдіреді.
  • Түсінде кілтті тауып алу – алдыңызда үлкен істер күтіп тұрғаны. Биік лауазымға қол жеткізіп, отбасыңыздың байқуатты жағдайын жасап бересіз. Өміріңізді жақсы жаққа өзгертетін адаммен танысуыңыз мүмкін.
  • Кілт бумасын көрген адам көптеген елге сапар шегіп, жол жүреді.
  • Түсінде екі кілтті көру – істің кенеттен басқа сипатқа ие болуы.
  • Кілтті жоғалту – ыңғайсыз жағдайда қалу.
  • Біреудің өз кілтін сізге бергенін көру – қиын жағдайда күтпеген көмектің келуі.
  • Өз үйіңіздің кілтін іздесеңіз, жеке басыңыздың қиындықтарын шешуге тырысасыз.