Түс жору: Көр неге түске кіреді? Түсінде қабір болса • Түс Жору

0

Түс жору: көр немесе қабір неге түске кіреді

Миллер түс жоруы бойынша – көр

  • Жаңа қойылған бейіт түске кірсе, біреудің жасаған əрекеті сізге үлкен қайғы əкеледі. Бұл түс сізге төніп тұрған қатер жайлы да хабарлауы мүмкін.
  • Көр көбінесе ауру мен қиындықты тұспалдайды.
  • Бос көрге үңілу- жақынын жоғалтуға.
  • Беті жабылмаған көрде адамды көру – шын өмірде оған төңген қауіпті білдіреді.
  • Қабірді көру – сізге қарсы құрылған тұзақ.
  • Қабірді қазу- дұшпандарыңыз сізді құлатуға дайын. Түсіңізде жұмысыңызды аяқтап үлгерсеңіз, өмірде оларды жеңесіз.

түсінде қабір көр түс жору

  • Арнайы қабір қазылып қойған адам жоғалып кетсе, бұл түс жаман белгі береді.
  • Егер, түн батып, сіз ашық қабірде ұйықтасаңыз,- достарыңыздан айырыласыз, ғашығыңыздың сезімі суиды.
  • Кейде көр жұмыстағы келеңсіздіктерді жорамалдайды.
  • Ескі, тозған қабір – біреудің қауіпті ауруы мен өлімді хабаршысы.
  • Қабір басындағы жазуды оқу – ұнамсыз машақат.

Ванга түс жоруы бойынша – қабір

  • Түсіңізге өз көріңіздің кіруі – өміріңізді теріс жаққа өзгертетін оқиғаның болуына.
  • Бірнеше қабірді көру – өкінішті жайттар тізбегі. Олардың əрқайсы сізді жігеріңізден, сеніміңізден айырады.
  • Қараусыз қалған бейіт – дана жəне ақылды адаммен танысқаннан кейін сейілетін жан құлазуы, мақсатты жоғалту, өкпе мен өкінішті білдіреді.

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы: Бейіт басы