Технология тарихында сәтсіз жасалған журналист-роботтар

0

Қазіргі таңда журналист роботтардың іске қосылғаны туралы жаңалық тірі жан иесін оңайлықпен таңқалдырмасы анық. Темірден құрастырылған ақылдылар, болмаса кибер-журналистер экономикаға қатысты есептерді, ақпараттық жазбаларды, спорттық жаңалықтарды және тіпті адам қолынан шыққан репортаждардан ажырату қиын жаңа дүниелерді жарыса жасап жатқаны таңдандырады. Роботтандырылған журналистика жүйесі біз ойлап, болжам жасағаннан әлдеқайда жылдам және жақсы дамып келеді.

Жаңалықтарды тарату процессіндегі нақтылық пен жеделділік ірі бұқаралық ақпарат құралдарының мол табысқа кенелуіне мүмкіндік береді. Осылайша, көшбасшылық пен жауапкершілік қасиеттерін сақтап қалуы үшін медиа жаңа қадамдар жасауға мәжбүр, яғни кибер-журналистердің жұмысын пайдаланатын үлкен тәуекелге бел буады.

2009 жылы Стэндфорд университетінің профессоры Джеймс Гамильтон және доцент Фред Тернер алғаш рет «computational journalism» терминін өз тәжірибелерінде пайдаланды. Қос зерттеушінің пікірінше, егер журналист өзінің қоғамдағы маңыздылығын арттыруды көздесе, онда ол жоғарғы деңгейдегі сауатты жазылған аналитикалық мақаланы жарыққа алып келуі қажет. Ол үшін автор материалдар жинақтау арқылы, барлық дерек көздеріне қол жеткізе алады. Ғалымдардың пікірінше, болашақта роботталған жүйе адамдардың орнын басуы мүмкін емес, бірақ кибер-журналистерді пайдалану арқылы олар талдау процессін иелену мен мен статистикалық деректерді алу мүмкіндігінің аясын кеңейте алады.

Фото: Shkolazhizni.ru

2010 жылы жапондық өнертапқыштар жақын жерде орын алған барлық оқиғаларды талдайтын, кейін толықтай ақпараттық есептер беретін андроид-журналистерді таныстырады. Осы тұсаукесерден кейін зерттеушілер роботталған журналистикаға қызығушылық таныта бастады. Олардың бірі австралиялық медиафутурист, зерттеуші Росс Доусон болды.  Росс өз блогында осы тақырыпқа бірнеше мақала жариялады. Оның материалдарында журналистерді роботтармен ауыстырудың салдары туралы айтылған.

Жоғарыда айтылғандай, ресейлік ғалымдар бұл салаға қызығушылық танытпайды. Сондықтан роботожурналистика төңірегінде орыс тілінде жазылған қандай да бір үлкен зерттеулерді табу қиын. Дегенмен, А. А. Калмыкова мен Л. А. Кохановтың  «Интернет-журналистика» жұмысында жаңалықтар ағындарын роботтандыру тақырыбы қозғалады. Ал  «Медузаның» бас редакторы Галина Тимченко былай дейді: «мен мәтіндерді дайындау бойынша алғашқы жұмыстың 90% машинаға беруге болады деп есептеймін, бірақ 10% ең маңызды бөлігін журналист немесе редактордың орындағаны дұрыс».

Фото: Hi-News.ru

Медиасервис пен бұқаралық ақпарат құралдарының ара жігін ажырату маңызды. Ақпаратты іріктеумен, басылымдарды айналысады. Дәл осы процеспен айналысуда машиналар кенжелеп қалған, яғни роботтар бүкіл аудитория сияқты емес, «нақты адам» ретінде ойлайды.

Алайда алғашқы құрастырылған робот сәтсіздікке ұшыраған. 2016 жылы қытай өнертапқыштары алгоритм жасады. Оның есімі Джиа Джиа. Ол «Sinkhoa» басылымында жұмыс жасауы керек болатын. Роботтың кемшілігі-сұрақтарға 10 секунд ішінде жауап беретін, яғни жылдамдығы төмен. Артықшылығы-адамдардың эмоциясын аңғарады және әзілдей біледі. Мәселен:

— Джиа, жасың қаншада?
— Ол — құпия.
— Саған аптаның қай күні ұнайды?
— Жұма, себебі еңбекақы алатын күніміз.

Фото: m.buro247.ru

Бірақ робот Джиа Джиа «Wired» журналының негізін салушы Кейвин Келлимен сұхбаттасу кезінде сәтсіздікке ұшырады. 2013 жылы қытай ғалымдарының идеясымен Джианың інісі робот-журналист Сяо Нань жасалған.

Фото: Oldnews.zabor.zp.ua

«The Los Angeles Times» басылымының робот-журналисі Quakebot 2014 жылы Колифорнияда болған жер сілкіністі 3 минуттан кейін-ақ сипаттап берген. Ал Кен Швен ақпаратты өңдемей-ақ алгоритм есімімімен жариялаған. Робот 2 жыл көлемінде жұмыс жасайды. Орфографиялық қателіктердің орын алуына қарамастан, оның мақалалары мінсіз деп саналады. Бүгінде робот-журналист 10 миллион адамы бар аумақты бақылауда ұстайды. Сонымен қатар өлген адамдардың, ұрлық-қарлықтың, қылмыстардың санын есептеп, өзінің иесі, өнертапқыш әрі журналист Кен Швенге жібереді.

2014 жылы Швед зерттеушісі Кристер Клирволл жаңалықтарды қабылдауды анықтау бойынша талдау жүргізді. Ол Америкалық футбол матчы туралы мақаланың екі нұсқасын медиалық және коммуникациялық зерттеу факультетінің студенттеріне көрсетті. Эксперимент қатысушылары материалдарды журналист немесе роботтың дайындағанын анықтау керек еді. Жарияланымдар ағылшын тілінде жазылған, фотосуреттер болмады және қос мәтін бірдей көлемді иеленді. Зерттеу нәтижесінде қатысушылар мақаланы кім жазғанын ажырата алмады. 27 респонденттен 10 қатысушы робот-журналист жасаған материалды адам қолынан шықты деп қателесті.

Қорыта айтқанда, біріншіден, журналистер әлі күнге дейін контентті автоматты түрде жасау технологиясы олардың мамандығына айтарлықтай әсер ететініне сенімді емес. Екіншіден, кейбір журналистер адамның қатысуынсыз мақалаларды жариялауға мүмкіндік беретін алгоритмдік есептеулерге қызығушылық танытады. Мұндай авторлар кез келген өзгерістерге дайын. Үшіншіден, роботталған журналистика көптеген жағдайларда ішкі немесе сыртқы саясат материалдарына қарағанда, спорт жаңалықтарында кеңінен қолданылады, журналистер мұндай тенденцияға мүлдем алаңдамайды. Автоматтандырудың дәстүрлі және жаңа медианы ешқашан алмастыруы мүмкін емес, бірақ толықтырады.