Дәрігерлер өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайын айтты

0
642

Дәрігерлер өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, Бекеева өзіне қол жұмсау үшін көп мөлшерде дәрі ішкен. Алайда бұл дәрігерлердің алдын ала болжамы ғана. Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы ауруханаға 6 сәуірге қараған түні түскен.

«Науқас түнгі сағат 1.30-да жедел жәрдем көлігімен Шымкент қаласындағы Гипербарикалық оттегі терапиясы орталығына жеткізілді. Дәрігерлер оны дереу тексеріп, жансақтау бөліміне жатқызды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр, бірінші дәрежелі комада болды. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр», — деді дәрігерлер.

(фото: nege.kz)