Зарина Дияс Майамидегі турнирдің іріктеуінен ұшып кетті

Майамиде (АҚШ) WTA сериясындағы Premier Mandatory турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық Зарина Дияс пен польшалық Ива Швентек кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстандық теннисші қарсыласына 2:6, 5:7 есебімен жол беріп, турнирді ерте аяқтады.
Айта кетейік, былтыр бұл турнирде Дияс 1/8 финалға дейін жетіп, Каролина Плишковадан ұтылған болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz