Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы

0
356


Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде сапалы өнім алу, бәсекелестікке
қабілетті экологиялық таза өнімді өркендету ғылымының жаңа саласы ретінде
бөлініп отыр.
Көкөніс шаруашылығын өркендетудің аса зор бағдарламасы Ел басының әр –
жылдардағы арнаулы жолдауларында талдап көрсетілген. Халықтың әлеуметтік
жағдайларын көтеруде әсіресе жеке қожа, өндіріс шаруашылықтарын дамытуды
жүзеге асыру үшін өнеркәсіп көкөніс шаруашылығын жабдықтау мақсатымен
көкөністер себетін, отырғызатын, күтетін және жинайтын жаңа көкөніс
машиналарын шығарды.
Жылыжайда қызанақты өсіру, өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті барлық
жағдайлар: жылу, ылғал, ауа және топырақ құнарлығы қолдан жасалады.
Жылыжайда дайындалған құнарлы грунттан түсім мол алынады, қызанақты
өсіру ерекше шеберлік пен дағдыны керек етеді. Шымтезек – шірінді
арнайы стакандарда өсірілген көшеттер түсімді ерте және мол сапалы өнім
береді. Алынған өнім экологиялық таза, дәмді, сапалы, дәрумендері
сақталынған, нәрлілігі жоғары болады.
Халықты тамақтандыру ісінде қызанақ өсімдігі зор орын алады, сондықтан
үкімет елімізде көкөніс шаруашылығын өркендетуге көп көңіл бөлуде.
Қазақстанның ішкі өнімі көлеміндегі ауылшаруашылығы өндірісінің үлесі
артуда. Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы – жасыл өсімдіктер.
Адамзаттың азық – түлікке пайдаланатын өсімдік өнімдері үнемі өндіріліп
отыру қажет. Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру артып
келеді. Елімізде азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде келелі
бағдарламалар мәселелер жеткілікті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан халқына жолдауына” сәйкес аграрлық
азық – түлік бағдарламасында өсімдік шаруашылығы саласы бойынша бәсекеге
қабілетті өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, қайта өңдеу кәсіпорындар
үшін шикізат базасын нығайту көзделген [1].
Елбасының халыққа жолдауындағы көкөніс өндіруді екі есе арттыру және
таяудағы 2-3 жылдың ішінде халықтың және көкөніс өңдеу өнеркәсібінің
қажетін толық қанағаттандыру міндетін қойды. Бұл міндетті орындауға
болатындығын жеке шаруашылықтардың табыстары дәлелдеп отыр.
ОҚО республикадағы көкөністі негізгі өндіруші аймақ екені белгілі және
солтүстік аймақтарды көкөністермен қамтамасыз етеді. Еліміздің бүкіл
әлемдік сауда ұйымына кіру алдында тұрғанда біз, тауарлық және дәмдік
сапасы жоғары көкөністер өндіруіміз керек. Өйткені нарықтың қатаң
жағдайларында басқа да шетелдік тауар өндірушілермен бәсекелестік құрып,
көкөніс өнімі тұрмысының ішкі нарығын жаулап алу керек.
Сондықтан да ауылшаруашылық өнімдерін көбейтуде оңтайлы жұмыстар жүзеге
асуда.
Жылыжайда қызанақты өсіру ғылыми-зерттеудің ең жаңа түрлерінің бірі
болып табыла тұрса да, қызанақ сорттарының жаңа түрлерінің пайда болуымен
байланысты, зерттеудің жаңа соңғы түрлерін талап ететіндіктен, ол біртіндеп
болса да дамып келе жатыр.
Жылыжайдың мүмкіндіктерін зерттей отырып, қазіргі заманауи
технологияларға қол жеткізу мүмкін. Алайда, тәжірибе әрқашан жақсылыққа
ұмтылуға жағдай жасап отырады. Тәжірибелік қызмет жылыжайларда өсірілген
қызанақ өсімдігінен және одан алынған өнімнен айқын көріністі көруге
болады.
Жылыжайларда қызынақты зерттеу мүмкіндіктері шектеусіз зерттеудің жаңа
әдістемелерін қарастыра және енгізе отырып, көптеген ғылыми – тәжірибе
жұмыстарына қол жетті.
Мемлекетімізде қызанақты жылыжайда өсіру халық шаруашылығы үшін
маңызы зор, себебі қызанақ құрамы С дәруменіне бай. Қызанақ жемісі
дәмді, қоректік заттарға бай, сол себептен оның диеталық сапасы жоғары.
Қызанақ жемісі – дәрумендердің негізгі бұлақ көзі, онда дәрумен С (30-35
мг). дәрумены В1 (аневрин), В2 (рибофлавин), В3 (пантотенді қышқыл),
РР(никотинқышқылы, дәрумен А (каротин), калий тұздары, натрий, кальций,
магний, фосфор, темір, йод т.б. пайдалы заттар бар.
Қызанақтың нәрлілігі (160-200 ккалкг). Қызанақ жемісінде 5 – 8 %-ға
дейін құрғақ заттар, сонымен қатар 3-7% қант, 1%-ке дейін алма қышқылы
мен лимон қышқылы және ақуыз болады. Бұл, заттар организмдегі заттардың
алмасуын қалыпқа келтіреді.
Ғылыми жаңалығы: Оңтүстік Қазақстан өңірінде жылыжайларда қызанақты
өсірудің ғылыми зерттеу жұмыстарының жаңа, соңғы түрлерімен, заманауи
технологияларды қолдана отырып, таза сапалы экологиялық өнім алудың
әдістері зерттелді.
Практикалық маңызы: Жылыжайда қызанақты өсірудің маңызы, өнімнің
сапасы жоғары, өнімі мол, экологиялық таза өнім алынады, құрамындағы
ағзаға қажетті дәрумендер сақталады, құнарлылығы жоғары болады, бағасы
тиімді.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстандағы жылыжайларда көкөністерді
өсіру кезіндегі өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар және мол
сапалы өнім, дәрумендері сақталған қызанақтарды зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
– Алқа тұқымдастарының биологиялық ерекшеліктері
– Жылыжайда қызанақ өсіру кезіндегі әдістері
– Қызанақты жылыжайда заманауи технология бойынша өсіруді зерттеу.
– Органикалық комплексті тыңайтқыштарды пайдаланудың ерекшеліктерін
анықтау
– Қызанақты күту,баптау, аурулармен күрес жүргізу, үстеп қоректендіру
тәсілдерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс материалдары 69
бетке компьютерлік мәтінмен терілген, 5 кестеден, 6 сызбанұсқадан тұрады
және 4 суретпен көмкерілген. Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, әдебиетке
шолудан, әдістемеден, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан және 56
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Әдебиеттерге шолу

1. Жылыжай құрылымы

Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық институты бумен жылытатын
парниктердің басқа типін ойлап шығарды. Бұл парниктерде бу парниктердің
шеттеріндегі белағаштардың орнына қойылған асбесцементті түтіктерге
беріледі. Өте – мөте суық аудандарда мұндай парниктерді үстіңгі трубалар
арқылы жылытудан басқа, қазаншұңқырдың түбінен жүргізілген трубалармен
қосымша жылу жібереді.
Парниктерді электрмен жылыту үшін инженер Есиевтің ойлап тапқан электрод
әдісін қолданады. Ені 8см темір тақта түріндегі электродтарды бір-бірінен
қашықтығын 50см етіп, парникке көлденең бағытта топырақтың өңделетін
қабатына орналастырады. Электродтардың бір ұшын мыс сым арқылы парникті
бойлап жүргізілген бөлгіш алюминий сымына жалғайды. Ток жібергенде ол
топырақ арқылы электродтан электродқа өтіп топырақты қыздырады. Жылу және
электр энергиясы босқа шығын болмауы үшін парниктің түбіне қалыңдығын
20см етіп, шлактан изоляциялық қабат төсейді. Қауіпсіздік үшін парниктерге
ток кернеуін 50 вольтқа дейін түсіретін трансформаторлар орнатады. Жұмыс
кезінде парникке ток жіберілмейді.
Парниктерді бумен және электрмен жылытқан кезде оларды жыл сайын көң
және топырақпен толтыру, күздігүні олардан тазарту сияқты еңбекті көп
тілейтін жұмыстар болмайды. Қыста қатып қалған парниктерді көңмен жылыту
үшін 10-15 күн кететін болса, электрмен, бумен жылытуға 2-3 күн жеткілікті
болады. Темпетураны реттеу мүмкіндігі едәуір жеңілдейді.
Қазіргі кезде жылыжайдың қабырғаларын арнаулы жоба бойынша ағаштан
немесе темір арматурасынан құрып әйнектеледі немесе полиэтиленді
пленкамен жабылады. Олардың көлемі әртүрлі болады: бірнеше ондаған метрден
2-3 мың кв метрге жетеді.
Құрылысы бойынша жылыжайлардың бір жағы құламалы, оңтүстікке қараған
беті әйнектелген болады. Екі жағы құламалы, шығыс пен батысқа қараған беті
әйнектелген болады. Ірі жылыжайларды бумен жылытуда, сонымен қатар пештер
дайындап көмір жылумен жылытылатын жылыжайлар салу кең өріс алуда.
Жылыжайларда арнайы даярланған, қоректік заттары көп топырақ төгіледі.
Жылыжайларда қызанақты қолдан дайындалған құнарлы топыраққа өсіреді.
Қызанақ түрлерін егіп жылына екі мезгіл өнім алынады. Жарық көп түсу
үшін және түсім мол алыну үшін қызанақты керілген сымға немесе жіпке іліп
қойып өсіреді. Бұл дақылдарды жылыжайларда өсірген кезде, оларды бірнеше
қайтара қырқып шырпиды, үстеп қоректендіреді. Күн жарығы жетіспесе,
қыстыгүні және ерте көктемде қосымша электр жарығы беріледі.
Көкөніс өсімдіктері гүлдерінің тозаңдануын қамтамасыз ету үшін
жылыжайларда ара ұяларын ұстайды. Жылыжайларда қызанақты өсіру үшін қысқа
күн жарығына және жылыжайда өсіру ерекшеліктеріне бейімделген арнаулы
сорттарды пайдаланады. Ерте пісетін сортарды таңдайды [2]

1.2 Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы

Бұл қызанақ дақылы Еуропаға ХVI ғасырда ғана әкелінген. Ең бірінші
шыққан отаны Оңтүстік және Орталық Американың ыстық аймақтары (Перу,
Эквадор, Чили). Ал, Мексикада қызанақты ерте заманнан тағамға пайдалана
бастаған, онда бұл дақыл біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда белгілі
болған. Ертедегі аптектер оған «томатль» – «томат» деген ат қойған. Бұл
«үлкен жидек» деген мағына береді. Ертедегі теземдіктер мен үнділер
Мексикадан Перуге дейін Америкада анықталмай тұрып өсіре бастаған. Қызанақ
дақылын Еуропаға бірінші болып испандар, португалдар, италиялықтар
әкеліпті, ал италиялықтар жемістерінің сарылығынан оған помидоро» — «алтын
алма» деп ат қойған. Еуропада оны ұзақ мезгіл экзотикалық-таңғажайып
ретінде (гүлдерінің әдемілігі мен жемісінің қанық қызыл түсінен) бағалаған,
немесе дәрі ретінде пайдаланған. Ғылым Академиясының сөздігіндегі
мәлімдемесінде «Алма», «помо аморис» – арапша — алкакенги, соланум
ликоперсикум деп атаған. Қазіргі кезде әр халық әр түрлі атайды. Швед
табиғат зерттеушісі Карл Линней помидорды латындардың атауында «солянум
ликоперсикум» -«қасқыр персигі» депті, осы аты бүгінгі күнге дейін
сақталған, осыған байланысты «улы» деген ұғым да болған. Сондықтан 1840
жылға дейін американдықтар «улы» деп келген, шындығына келгенде піспеген
қызанақ жемісінде улы алколоидтың барлығы анықталған [3].
Мәдени қызанақ дақылының Lycoperson esculentum Mill археологиялық
мәліметтер жоқ. Жабайы және жартылай жабай түрлері және оның ботаникалық
туыстың бүгінгі таңға дейін дамып келді, оның әртүрлілігі Галопогосск
аралында, Перуде, солтүстік Чилиде кездеседі. Мәдени қызанақтың Отаны Перу
деп саналады.
Көптеген ғалымдар ең басты қызанақтың формасы әртүрлі қызғылт түсті
деп көрсетті. Ең алғаш 1554ж қызанақ туралы мәліметті Италия ботанигі
Маттиолла берді. Шыққан жері Оңтүстік Америка, біздің елімізге ХІХ ғасырдың
30 жылдарында әкелінген. Қазақстанның жылы аймақтарының бәрінде өсіріледі
[4].
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері көбіне олардың
географиялық шыққан жеріне және дақылдың табылған жеріне байланысты болып
келеді. Бұрыштың отаны Оңтүстік Мексика, Гватемала болып саналады. Оны
дақыл ретінде қазіргі АҚШ және Солтүстік Мексика территориясында ежелгі
үнділіктер өсірген. Әдебиеттерде бұрыш туралы алғаш рет 1493 жылдан бастап
жазыла бастаған. Бұрыш Еуропаға XVI-ғасырдың ортасынан бастап тарала
бастады. Бұрышты дақыл ретінде алғаш рет Испанияда өсірді, одан соң ол
Италияға және басқа елдерге таралды [5,6]. Балқан елдеріне бұрыш 1585 жылы
әкелінді. Болгарияда бұрыш қазіргі кезде ең сүйкімді көкөніс болып табылады
Оны тағамға жас күйінде дәмдеуіш ретінде және өңделген күйінде қолданады.
Болгарияның консерві жасау өндірісінде бұрыштан 28 түрлі консерві
дайындайды. Құрғақ, үгітілген күйіндегі бұрыш Болгар асханасындағы кең
таралған дәмдеуіштердің бірі болып табылады. Сондықтан Болгарияда eгic
көлемі және өнім жинау бойынша көкөніс дақылдарының ішінде бұрыш бірінші
орынды алады. Бұрыш қазіргі кезде 11-12 мың га жерге өсіріледі. Ал жылдық
жалпы өнім 200-250 мың центнерді құрайды.
Венгрияда бұрышты XVI-ғасырдан бастап пайдалана бастады және қазіргі
кезде ол кең таралған.
XVIII-ғасырда бұрыш Германияға тез таралды. Германияда бұрыштан
гектарына 480-нен 210 центнерге дейін өнім алады. Румынияда,
Чехословакияда, Югословияда және басқа да елдерде бұрышты көптеп өсіруде.
Ресейге көкөністік бұрыш Болгариядан әуесқой дақыл ретінде XVIII-
ғасырдың екінші жартысында әкелінді. ХІХ-ғасырдың аяғында Одесса маңында
бақшамен айналысатындар бұрыш өсірді. ХХ-ғасырдың басында бұрыш Ресейдің
оңтүстігі мен Молдавияға таралды.
Оңтүстік Қазақстан облысында бұрышты ХХ-ғасырдың ортасынан бастап өсіре
бастағанына қарамастан Қазақстанда оны ғылым нысаны ретінде аз қарастырды.
Тәтті бұрыш бойынша жүргізілген салмақты ғылыми зерттеу жұмысы ретінде
ғалымдар еңбек жазды [7,8].
Г.Каплина [9] мәлімдеуі бойынша Қазақстанның жылы аймақтарында бұрыштың
Болгарский 79 сорты аудандастырылған. Оның пікірі бойынша бұрышты қарашірік
мөлшері жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл гидроморфты топырақта өсіру
тиімді. Мұнда ол 448 цга дейін өнім береді.
Болгар бұрыш жоғары құрамды дәруменді және жеңіл сіңімді минералды
тұздары бар азық болып табылады, сондықтан оның азықтық және диетикалық
маңызы жоғары. Бұрыш жемісінде С дәрумені қызанаққа қарағанда 10-12 есе,
цитрустарға қарағанда 2-6 есе және қарағай, шыршаға қарағанда 2-4 есе көп.
С дәрумені бойынша тәтті бұрыш тек қарақатқа ғана орын береді. 1 гектардағы
өнімі 120 центнер болатын, 100 гр шикі жемісінде 450 мг С дәрумені бар
өнімнен 25 кг-ға дейін С дәруменін жинауға болады. Цинга ауруына қарсы
бұрыштың маңызы бар. Каротин құрамы бойынша бұрыш сәбізге жақын. Бір күнде
25 гр тәтті бұрыш пайдаланған ересек адамның С дәруменіне деген тәуліктік
мөлшері қамтамасыз етіледі. 45 гр бұрыш А дәруменінің тәуліктік қабылдау
мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұрыштағы (А,В,С,Р) дәрумендерінің жоғары
құрамды болуы, оның биологиялық белсенді заттар көзі ретінде қарастыруға
болатындығын көрсетеді. Азотты заттар бойынша (2,73-3,66%) тәтті бұрыш
көкөніс дақылдарының ішіндегі алғашқы орындардың бірін алады.
Венгрия халқы бұрыш жемісін азыққа жас, тұздалған және қайнатылған
күйінде пайдаланады. Мұнда тәтті бұрыш шикізатын консерві өндірісінде
жоғары бағалайды. Тәтті бұрыштан «Лечо» консервісі және дәруменделген
консервілер «Вита паприка», «Притапаприка», «Притамин» (С дәрумен құрамы
169 мг%-ке дейін), соус «Зашатка» (С дәрумен құрамы 300 мг%-ке дейін) және
тағы басқа С дәрумен құрамы жоғары консерві түрлері жасалады.
Бұрыштың дәмдік қасиеті капсанцин араматты затына көп байланысты. Ол
адам ағзасында ас қорытатын сөлдерді көп бөлдіріп, тағамның сіңімді болуын
қамтамасыз етеді [10,11].
Халық арасында бұрыш жоғары сұранысқа ие. Бұрыш жемісін кулинарияда
пайдаланады, оларды маринадтайды, тұздайды және әр түрлі тағамдар жасайды.
Бұрыш жемісі қызанақ, қияр және көптеген тұздықтар дайындауда қолданылады.
Бұрыш консерві жасау өндірісінде құнды шикізат болып табылады. Консерві
жасауда және тұздағанда бұрыш дәрумендерінің 50-80% сақталады.
Қызанақ соусында көкөністермен фаршталған бұрыш консервісінде орташа
22,7% құрғақ зат, 6,6% май, 8% көмірсу, 0,3% органикалық қышқылдар, 1,7%
ақуызды заттар, 2,0% минералды заттар бар [12,13].
100 гр фаршталған бұрышта мг есебімен алғанда С дәрумені 22%, каротин
9,9%, В1 дәрумені 0,17%, кальций 62%, фосфор 47%, темір 18%, калий 17,3%,
магний 33% құрайды.
100 гр фаршталған бұрышта 104 калория бар [14].
Картоп – азықтық, тағамдық және техникалық мақсаттарға пайдалану үшін
егілетін бағалы ауыл шаруашылық дақылы. Картоп түйнектері – крахмал, ақуыз,
дәрумендер, амин қышқылдарына және басқа да көптеген минералдық қоректік
заттарға өте бай. Құрамындағы пайдалы қоректік заттардың мол болуы өте
пайдалы тағам ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Картоптың 200-300 граммын
қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік нормасын аламыз. Бұл дәруменді
көптеген аурулардың алдын алу ретінде қолданады [15,16].
Жабайы картоп осыдан 13 мың жыл бұрын Оңтүстік Американың Чили
жағалауында өскен деген мағлұмат бар, яғни жер шарындағы ауыл
шаруашылығының дамуынан бұрын өскен. 7 мың жыл бұрын Анд тауының маңында
мекен еткен оңтүстік американдық халықтар еккен.
Оңтүстік Америкадан картопты осыдан 400 жыл бұрын Испанияға алып
келген. Ал Ресейге ұлы Петрдің басшылық еткен жылдары алып келінген және
одан әрі дамыған. Ал Америкаға картоп Еуропадан әкелінген. Әлемде әр жыл
сайын 100 млрд АҚШ доллар есебінен каптоп егіледі. Оның түйнегінде
жұмыртқаның ақуызының құнарындай болатын 15-тен 30 %-ға дейінгі құрғақ
заттар болады.
Адам ағзасына крахмалмен бірге түсетін көмірсулар энергия көзі болып
табылады. Картоп протеины алмастырылмайтын амин қышқылымен қамтамасыз
етеді.
Жаңа қазылып алынған картоп түйнегінде көптеген дәрумендер кездеседі.
Картоптың 200-300 граммын қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік
нормасын аламыз. Бұл дәруменді көптеген аурулардың алдын алу ретінде
қолданады[17].
Жүзім, қызыл алша, алманың кейбір сорттарының құрамында болатын С
дәрумені картоптың құрамында әлде қайда көп кездеседі. С дәруменінен басқа
адам ағзасына өніммен бірге В, А, РР және К дәрумені түседі. В дәрумені
жүйке жүйесі және қан айналым ауруларының алдын алады; ал А, РР, жэне К
дәрумендері ағзаның дұрыс дамуына өз септігін тигізеді.
Әсіресе құрамында лимон, аскорбин және барлық алмастырылмайтын амин
қышқылдары бар картоп шырыны өте құнды болып табылады.
Сонымен қатар картоп түйнегіндегі минералды тұздар бізді бірқатар құнды
элементтермен: кальциимен, темірмен, иодпен, күкіртпен қамтамасыз етеді.
Бұл тұздар өз кезегінде адам ағзасын созылмалы асқазан ауруларынан, қан
аздықтан, гастриттен қорғайды [18,19].
Картоп – көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол вегетативті жолмен көбейеді,
нақтырақ айтқанда түйнегімен (бүтін және кесілген түйнегімен) көбейеді.
Әдетте картоп бүтін түйнегімен көбейетін бір жылдық өсімдік ретінде
қолданылады.
Селекция саласында жаңа сортты шығару мақсатымен соңғы он жылда және
әртүрлі картон шаруашылығымен айналысатын елдерде, сонымен қатар Ресейде
картопты генеративті жолмен көбейту әдісін қолданады.
Картоппен шұғылданатын елдерде қазіргі кезде ақ түйнектің орташа
өнімділігі 300цга болады, ал оңтүстік Қазақстан облысында 50-60цга-дан
аспайды. Өнімнің бұл сияқты төмен болуы оңтүстік Қазақстанның климаттық
жағдайына және ең негізгі себебі, өзімізден шығатын картоп тұқымының
болмауы, және картоп тиімді сорттары жоқ, карантиндік объектілерге шыдамды.

Халыққа – тағам, малға – азық, өнеркәсіпке – шикізат ретінде қажет
өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласын егіншілік дейміз.
Егіншілікке егін егу, көкөніс, тамыр-түйнекті жемістер (ақ түйнек т.б.),
тағы басқалар жатады. Егіншіліктің басты мақсаты-жерді тиімді пайдаланып,
ауыл шаруашылық дақылдарынан жыл сайын тұрақты, сапалы, мол өнімді алуды
қамтамасыз ету [20,21].
Француздың табиғат зерттеушілері 1563 жылы топырақтағы минералдық
заттардың өсімдік үшін қоректік элементтердің көзі екендігі туралы пікір
айтты. Ол ақ түйнекті аса маңызды тағамдық және малазықтық дақылдар
қатарына жатқызды. Картоп қоректік элементтердің ішінен калийді көп
пайдаланады, екінші орында азот, одан соң фосфор. Картоп фосфорды
вегетациялық дәуірінде үздіксіз сіңіреді, әсіресе оның өсу кезеңінің екінші
жартысына қолдану түйнектің түзілуін тездетеді. Калий әсері түйнек салу
кезеңінде басталады,
Биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізуде
ежелден қолданылып келе жатқан тәсілдерді (будандастыру, мутагенез,
сұрыптау т.б.) едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады. Екіншіден, керемет зор
нәтижелерге қол жеткізетін мүмкіндіктер тууына жол ашты. Бұлар биоинженерия
(клеткалық инженерия, гендік инженерия) принциптері негізінде бұрынды –
соңды дүниеде болмаған, тұп – тұқияннан қалыптасқан қасиеттерді тіпті
қиялға симастай етіп өзгертіп, жаңа организмдерді конструкциялау, жасап
шығару. Осындай биотехнологиялық жолдармен өсімдіктердің сапалы
сорттарынан аса өнімді штамдары алынады. Мысалы, ОҚО Тассай ҒЗО ақ
түйнектің зор, сапалы түрлері шығарылып жатыр.
Картоптың құрамындағы in vitro жағдайында өскен клеткалар экономикалық
құны бар зат шығаруда [23, 24].
XIX-шы ғасырдың аяғында өсімдіктердің бөлшектері мен жеке дара мүшелерін
алғашқы өсіре бастаған неміс ғалымдары еді. Ақ түйнектерді, тамырлар мен
сабақтардың кесінділерін дымқыл құмда өсіруге тырысты. Кейбір тәжірибелерде
клеткалар бөліну арқылы каллустар пайда болған. Бірақ каллустардың
қоректенуі қамтамасыз етілмеген соң олар әрі қарай өсе алмаған, кейін шіріп
кеткен.
1902 жылы картоптың құрамында крахмал, пептон және т.б. заттар бар екені
анықтылған. Картоптың құрамындағы клеткаларды зерттей келе осындай тұжырымд
пайда болды [25,26].
Картоп вирусы жоқ көшет материалын алу технологиясы түйнектерді жылумен
өңдеуден басталады. Көпшілік мақұлдаған гипотеза бойынша вирустың 34-40
градус температурада көбеюінің тежелуі зат алмасудың өзгеруімен байланысты.
Түйнектерді вирустың түріне қарай 7 күннен 7 аптаға дейін жылына өңдейді
[27,28].
Қазіргі таңда ғалымдар картоптың құрамына көптеген зерттеулер жүргізіп
оның құрамына иммуноферменттік анализ жасап көрді. Қаншама вирустарға төтеп
беретінін анықтап жатыр.
Қолайлы жағдайларда бір сортты сауықтыру үшін 40 меристеманы бөліп алу
жеткілікті,сонда in vitro жағдайында 7-8 айдың ішінде 30-40 мың түйнек
алуға болады. Теплица жағдайында өсіп көбейген өсімдіктер суперэлитаны
құрайды, оларды бөлек ұстап кейін арнайы көбейтеді.
5-6 жылдан кейін сорт қайта зақымдалады, демек жаңа сауықтырылған көшет
материалдары ылғи қажет болып тұрады. Микротүйнектер көбінесе жапырақ
қолтығында пайда болады. Микротүйнектер жақсы сақталады және көбіне қолайлы
[29,30].
Қазақстанда Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығының ғылыми-зерттеу
институтының биотехнология лабороториясында картоптың жаңа сорттарын
шығарып жатыр.
Вирустар қоздырғыш ауруларымен күресудің негізгі жолы-in vitro
жағдайында сауықтырылған көшеттер алу [31].

2 Зерттеу нысаны мен әдістемесі

2.1 Климаттық жағдайы

Зерттеу жұмыс Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-
зерттеу институтының Тассай елді мекенінде жылыжайда жүргізілді .
Жер бедерінің күрделілігі және облыстың жалпы географиялық орналасуы
Евразия континентінің орталығында болуына байланысты оның аумағына ендік
және вертикалды белдеулердің айқын белгілері бөлінеді.
Зерттеу бекеті (Тассай ауылы) Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемеройдты,
қысқа шөпті, жартылай саванналы тау маңында, теңіз деңгейінен 450-500 м
биіктікте жатыр.
Зерттеу жүргізілген аймақтың жер бедері батыс Тянь-Шань тауының
маңындағы адырлы-бұйратты жазық болып келеді. Еңіс жазыққа ұласатын
жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды.
Батыс Тянь-Шань тауының мұхиттар мен теңіздерден алыс орналасуы оның
климатының күрт өзгергіштігіне себепші болады. Жалпы климат өте көп
өзгергіштігімен, көп мөлшердегі жылуымен, мол жарығымен, ұзаққа созылатын
суықсыз кезеңімен, ерте көктемде өте көп түсетін жауын-шашынымен
ерекшеленеді. Бұл тау маңы жартылай шөлейтті агроклиматтық аймаққа тән
сипат.
Атмосфералық айналыммен анықталатын жыл мезгілінің суық және ылғалды,
жылы және құрғақ кезеңдері айқын бөлінген.
Топырақ жағдайы
Шаруашылық танаптарының топырағы – кәдімгі оңтүстік сұр топырақ.Топырақ
түзуші жыныстары көбіне саздақ болып келеді.Топырақ қабаттары әлсіз
көрінеді.
Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа
қалыңдығымен сипатталады (A+B=50-60см оның ішінде A=20см). Қара шірік
қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.
Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты.Қара шірік қабаты төмендеген
сайын дәнді немесе кесекті дәнді және тесік (жауын құрттар мен жәндіктер
жүргендіктен) құрылысты болады. Карбонатты-иллювиальді қабатының құрылымы
бойынша жаңғақты. HCL-да қайнауы жоғары. Өңделетін топырақ қабаты кесекті
немесе сазды кесекті құрылымымен, ал жыртылмайтын қабат тығыз құрылымымен
ерекшеленеді.
Топырақ кескінін жүйелеп баяндау төменде келтірілген:
А1 – 0 – 10 см. Сұр, құрғақ, тығыз, түбіршекті, жоғары қабаты (ге
дейін) қабатты созымды,
A – 10 – 20 см. Құба дақты ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз түбіршікті,
кесекті, дәнді, ауыр саздақты.
B1 – 20 – 40 см. Карбонатты көгерген құба ашық сұр, құрғақ,
тығыз, әлсіз кесекті, дәнді, ауыр саздақты.
B – 40 – 65 см. Карбонатты дақтары бар ашық құба сұр, құрғақ,
тығыз, дәнді, жаңғақты, ауыр саздақты.
C – 65 – 120 см. Ашық сары карбонатты дақтары бар, құрғақ, тығыз,
ұсақ дәнді, ауыр саздақты.
В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25 – 65 см
қабаттан кейін білінеді, ал 65 см – ден төмен қабатта гипс
таралған. Топырақтың беткі қабаты ( A1 = 5 – 6 см ) эфемерлі
эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып
келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Жыртылған қабат
орташа есеппен алғанда 30 см–ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр
топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2 – 1,3 % және жалпы азот
0,07 – 0,08 %, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын
азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген
сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10 – 14 мгэкв  100 г
аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальцийдің мөлшері көп болуымен
сипатталады. Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай:
азотпен – орташа, фосформен – әлсіз, калиймен – жақсы. Топырақтың
механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі тозаңды және
сазды фракциядан тұрады (кесте-1). Танаптың жоғары қабатында су
өткізгіш агрегаттар мөлшері топырақ салмағының 35 – 40 пайызын құрайды,
суармалы танаптарда бұл көрсеткіш төменірек. Топырақтың жыртылған
қабатының көлемдік салмағы орташа 1,3 гсм2. Сіңірілген натрий
мөлшері шамалы. Сондықтан топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан
(pH-8,2- 8,5) топырақ тұзданбаған. Агрономиялық шама бойынша, бұл
топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады. Бірақ
ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алу үшін азот және фосфор
немесе органо-минералды тыңайтқыштармен тыңайту қажет ( кесте-1). Бұл
суармалы танаптар үшін өте маңызды болып табылады.

Кесте 1.
Шаруашылық танап топырағының химиялық-физикалық құрамы
Топырақ Жалпы құрамы Сулы Жылжымалы форма мөлшері,
қабаты суспен мгг
зиялық,
pH
Қара Азот,% СО2,% СаСО3,% Гидро P2O5 K2O
шірік,% лизді
азот
0-10 1,3 0,08 4,8 10,8 8,2 13,3 2,7 40,6
10-20 1,2 0,07 4,9 11,0 8,2 10,8 2,7 43,9
20-35 0,5 0,05 6,9 15,8 8,3 6,5 1,6 30,8
35-50 0,3 0,05 8,7 19,7 8,5 – 1,4 32,0
50-100 – – 9,0 20,5 8,5 – – –

Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни
жоғары бағаланады. Бірақ ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алу
үшін азот және фосфор немесе органо-минералды тыңайтқыштармен
тыңайту қажет. Бұл суармалы танаптар үшін өте маңызды болып
табылады.
Жауын-шашын мөлшері
Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
Тассай тірек пункті Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемероидты,
қысқа шөпті, жартылай саваналы тау маңында, теңіз деңгейінен 450-
500 м биіктікте жатыр.
Аймақтың жер бедері Батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы
бұйратты жазық болып келеді. Еңкіс жазыққа ұласатын жерлердің
салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды.
Жалпы климат өте көп өзгергіштігімен, көп мөлшердегі жылуымен,
мол жарығымен, ұзаққа созылатын суықсыз кезеңімен, ерте көктемдегі
көп түсетін жауын-шашынымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері
450-500 мм. Климатқа тән ерекшелік – бұл жылдық жауын-шашын мөлшерінің
80-90 пайызы күзгі – қысқы, көктемгі мезілдерде (қыркүйек – мамыр)
түсуі. Көпжылдық мәліметтер бойынша жылдық жауын-шашын мөлшері 497 мм
құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 530,9 мм, ал 2015 жылы 468,5 мм
жауын-шашын түскендігін Шымкент Агрометеостанциясы мәліметтері растайды
(кесте-2,3). Шаруашылықта 2014 жылы көпжылдық орташа мәліметтермен
салыстырғанда жыл бойына 33,9 мм жауын-шашын артық түссе, 2015 жылы
керісінше 25,5 мм жауын мөлшері аз түсті. Мұндай айырмашылық
әсіресе, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп дамуы кезеңінде айқын
білінеді.

Кесте 2.
Жауын – шашынның орташа мөлшері

Жыл Айлар Жыл Өсіп-даму
бойы кезеңінде
I II III
I II III
I II
Біржылдық
Мысыққұйрық Ширица запрокинутая Amaranthus retroflexus
Жабысқақ қызыл бояу Щетинник сизый Setaria glauca
Егіс қышасы Подмаренник цепкий Jalium aparine
Жабайы бұршақ Горчица полевая Sinapis arvensis
Таран-шырмауық Горах полевой Pisum arbensis
Сарышырмауық Горец вьюнковый Poligonum convolvuls
Қой тікен Дурнишник обыкновен Cuscuta cfmpestris
Қанат жеміс Ярутка полевая Xanthium strumarium
Түймедақ Ромашка непахучая Thalspi arvesis
Жұмыршақ Пастушья сумка Matrikaria inodera
Тауық тары Куриное просо Capsella
bursa-pastoris
Бақша қараоты Портулак огородный Panicum crusgalli
Ала бота Марь белая Portulaca oleracea L.
Ит жүзім Паслень черный Chenopodium album L.
Көп жылдық
Далалық қырықбуын Хвощ полевой Eguisterum arvense
Жатаған сарғалдақ Лютик ползучий Ranunculus repens
У кекіре Горчак ползучий Acroptilon repens
Жусан Полынь обыкновенная Artemisia vulgaric
Үлкен жолжелкен Подорожник большой Plantago major
Қызғылт кекіре Горчак розовый Acroptilon repens
Ақмия Софора лисохвостная Sophora alopecuroides
L.
Көкөністер алқабында арамшөптердің келесі түрлері едәуір зиян әкеледі.
Олар біржылдық арамшөптердің ішінде –сары шырмауық, мысыққұйрық, ақ
тәжігүл, тауық тары, қойтікен, көпжылдық арамшөптерден –құмай, шырмауық,
ажырық.
Сары шырмауық (Cuscuta campestris) – паразиттік арамшөп. Ол толығымен
өсімдіктің есебінен қоректенетін паразиттік жамылғысы алынатын өсімдіктер
тобына жатады. Соңғы жылдары ОҚО егістіктері осы арамшөппен қатты
ластанған. Олар өсімдікке орнығып алып оның қоректі заттарын пайдаланып,
соның салдарынан өсімдіктерді әлсіретеді, өсуі мен дамуын тежейді, ақыр
соңында жаппай өлуге алып келеді. Топырақты өңдеу кезінде көшеттердің өсуі
үшін көң қолданады және осы арамшөптер көшеттердің өсуіне үлкен қиындық
тудырады.
Шырмауық (Convolvulus arvensis) – Оңтүстік Қазақстанда кең таралған.
Өсімдіктің айналасында өсіп, олардың дамуына күшті әсер етеді. Тамыр жүйесі
өте мықты, 2 м. тереңдікке дейін жетеді. Тамыры жанынан тарамдалып
қатарынан жоғары көтеріледі және топырақ бетіне жетпестен, төмен иіліп, сол
жерде бүртіктер дамып, ары қарай өсе береді. Оның бұрынғыдан гөрі көп болып
өсуі үшін оны кесу немесе тамырын шабу жеткілікті. Тіпті кішкентай тамыр да
өсім бере алады, ал ылғал кездері одан әрі дамиды. Осылайша шырмауық тамыр
өскінімен және тамырымен көбейеді.
Құмай көпжылдық тамырлы арамшөп. Ол топырақты тамырымен және
тұқымдарымен қатты залалдандырады. Құмайдың егістікті ластап қана қоймай
цианисті улы қоспаның құмайда түзілуі салдарынан тіпті малды өлтіруі де
мүмкін. Ақтәжігүл бірдей дамыған. Биологиясы бойынша алаботаға ұқсайды,
алайда одан бес есе өнгіш келеді. Бір өсімдік 500 мыңға дейін тұқым бере
алады. Оның тұқымдары топырақ қопсытылған кезде бетіне шығып өнеді. Осы
орайда жоғары температураны, механикалық және басқа әсерлерді талап етеді.

2.5 Қызанақ тұқымын өңдеу

Сапалы тұқым –мол түсім алудың басты шарты. Қызанақтың тұқымдары ұсақ,
кішкентай болады бірақ олардың сорттық және егістік сапасы (өнгіштігі,
тазалығы мен шаруашылық жарамдылығы) жоғары болады. Себудің алдында
тұқымдарды ірілігі (елек ) мен салмағы (суға салып оның бетіне қалқып
шыққан жеңіл тұқымдарды алып тастау арқылы) жағынан сорттайды.Қызанақ
тұқымдарын дезинфекциялау қажет, бұлардың аурулары тұқым арқылы
таралады.Қызанақ өсімдіктерінің ауруға шалдығуын болдырмау үшін тұқымды
түрлі препараттармен (НИУИФ-1, НИУИФ-2, гранозан сулема, формалин 0,1%
ерітіндісімен және басқалармен ) дәрілеген. Құмыралы көшеттер көктемгі ауа
райының қолайсыз жағдайларына төзімді келеді және тоқтамай өсіп кетеді,
осының арқасында өнім ерте және мол алынады, ал құмырасыз өсірілген
көшеттер құмыралыға қарағанда кемістеу болады бірақ, тұқымдары арқылы
өңделген аланда егіліп өсірілетінге қарағанда 10-15 күн ерте өнімін алу
мүмкіндігіне қол жеткізеді. Қызанақтың сапалы стандартты көшеттерін өсіру
құрылыстардағы жылылықты тиянақты реттеп, қадағалау керек. Тұқым егілердің
алдында өнделген топырақтың 5 см тереңдіктегі жылылығы 10-12°С кем болмауы
керек, осы жылылықтан төмен болса тұқымның көктеп шығуы кешігеді. Тұқымдар
көктеп шыққанға дейін жылуды 20-25°С ұстау қажет. Көктеп шыққан соң 5-6
тәулік жылуды күндіз 12-14°С, түнде 6-10°С төмендетеді, осы мезгіл
өткеннен кёйін күндіз, бұлтсыз күндерде 20-24°С, бұлтты күндері күндіз 16-
18°С, түнде 10-12°С болуы өте қажет. Осы жылулар реттеліп тұрмаса, көшеттер
әлсіз, болып қалады. Ашық алаңға көшеттерді отырғызуға 5-6 тәулік қалғанда
құрылыстарды ашып, желдетіп, күндіз де түнде де ашық алаңдағы
жылылықтағыдай етіп ұстау керек. Көшет отырғызғыштарға әдетте, айналымның
аяғында көшеттер жәшіктерге тиеледі және су құйылады, сондықтан көшеттер
мен су қоры осы аланда болады.
Түсім мөлшері көшеттерді дұрыс отырғызуға едәуір дәрежеде байланысты
болады. Көшеттердің алғашқы жапырақтары топырақтың бетінде қалатын болсын,
ал жүрекшелерін топырақ басып қалмайтын болсын. Отырғызғаннан кейін
өсімдіктерді суару қажет. Өсімдіктерді қолмен отырғызған кезде, мөлдектерді
суарғаннан кейін өсімдіктердің айналасын құрғақ топырақпен бүркеу керек.

3 Зерттеу нәтижелері

3.1 Қызанақты жылыжайда заманауи технология бойынша өсіру

Жылыжайда жылу сүйетін қызанақ дақылдарын егіп өсіреді. Жылыжайда тәулік
бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатан белгілі бір
микроклимат сақталады. Онда жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана
өсімдік тіршілігіне қажет температура сақталады.
Жылыжай күн сәулесімен биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен)
және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр т.б) арқылы жылытылады. Ол
табиғи жолмен де (форточка немесе фрамуға арқылы) немесе қолдан да желдетіп
тұру мүмкін.
Жылыжайды қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту
түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың конструкциясы
түрліше болады. Жылыжайды бір еңісті, блокты, көп жағдайда екі еңеске
жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа батысқа қарап
тұрады. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық пленка пайдаланылады.
Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа және арнайы стакандарда немесе
үлдіректерде (стелаж) өсіреді. Жылыжайды беті тегіс немесе аздап оңтүстікке
қарай еңіс учаскілерге орналастырған жөн. Ыза суы жер бетінен 0,8 метрден
беріде жатқан жерлер оған жарамайды.
Жылыжайларды тез өсетін бұталармен немесе ағаштармен қоршап жел өтінен
қалқалап қою керек. Жылыжайды ауа тұйық айналым жасау арқылы жылыжай салу
ұсынылады. Мұндай жылыжайда электр желдеткіш орнатады, ол жылыжайдағы
ауаны тартып алады да, оны топыраққа көме жүргізілген құбырларға береді.
Содан соң ауа қайтадан жылыжайға келеді. Желдеткіш пен топыраққа көмілген
құбырлардың жер бетіне шығатын басы жылыжайдың бір шетінде құбырлар кішкене
шұңқырға тіреледі. Мұндай айналым кезіне күн көзіне жылынған ауа топыраққа
салынған құбырлар арқылы өткенде топырақты жылытады да, өзі салқындап
(салыстрмалы ылғалдылығы 100 пайыз болып) жылыжайға енеді. Тұйық айналым
жасағандықтан, күндіз жылыжайдағы ауа оптималды болып төмендейді де, онымен
бір мезгілде топырақтың температурасы артады. Түнде кері процесс жүреді;
топыраққа жиналған жылу жылыжайдың ауасын жылытады және салыстырмалы
ылғалдылық төмендейді.
Қаңқасы көлденең қимасы 3 х 5 см арматурамен жасауға болады. Темір
штапиктермен бекітілген полиэтилен пленкамен жабылады. Төмен температураның
әсерінен өсімдіктерді қорғау үшін жылыжайдың ірге кемерін диаметрі кемінде
18-22 см бөренеден жасайды. Бөренелерді кірпішпен немесе қалыңдығы 20-30см
тұтас бетонмен алмастыруға болады. Топыраққа көметін құбырларды (асбест
немесе металл, диаметрі 10-20см ), сазбен жауып (оның қалыңдығы 20см ),
үстіне қалыңдығын 20-25 см етіп құнарлы топырақ жайып тастайды. Іргетастың
тіреу бағандарын топыраққа 50-70 см енгізіледі. Жылыжайдағы жүйектерді
топырақ төгіп (ені 100-125см, биіктігі 40-45 см ) жасаған жақсы. Топырағы
құмдақ, ыза суының тереңдігі 1,5 метрден астам болатын учаскелерде топырақ
төкпей-ақ олардың арасынан тереңдігін 40-50см етіп қазылған өтпе жасауға
болады. Бұл жағдайда жылыжайдың солтүстік баткейінде тұрған ұйге жалғасып
жатады, пешпен қосымша жылытуға мүмкіндік береді. Жылыжайға кіретін есікке
полиэтилен пленка керіп тастау қажет. Желдеткіш тәулік бойы жұмыс істеген
маусымда жұмсалатын электр энергиясының шамасы 80-90 кВт-сағат болады.
Қазіргі таңда резинка тәрізді полимерлі жарық бергіш жабын “Светлица” жаңа
технология бойынша өңделген, Германияда дайындалған жабындарды пайдаланған
өте тиімді. Оны пайдалану мерзімі де көп 6-7 жыл.

3.2 Қызанақ тұқымын арнайы ыдыстарға егу, көшеттер өсіру

Жылыжайда егілетін қызанақтың тұқымдарын, қазіргі таңда жаңа
технологиялық іріктеу және өңдейді, яғни қызанақ ұрығын арнайы қоректік
және дизенфикациялаушы комлексті гуми суында өңдеп, қоректік қоспа
қосылған топырағы бар стақандарға көшет өсіреді. Әр бір стақанға бір дана
ұрықтан салады. Көшет өндіретін арнайы жылыжай температурасы 20-23о С, 20-
25°С дан жоғары болса, 5-6 тәуліктен кейін өскін өніп шығады. Алғашқы
көктей бастағанда өте нәзік болады, сондықтан топырақ бетін тегіс, кесексіз
құнарлы, ылғалды орта болуы қажет, әйтпесе тұқымдардың көбі топырақ бетіне
көктеп шыға алмай қалады. Мың тұқымының салмағы — 2,7-3,3 грамм. Тұқымдары
ылғалды топырақтың жылуы 24 °С-да, 3-4 тәулікте көктеп шыға бастайды.
Көшет отырғызуды үйымдастыру. Көшет отырғызуды ұйымдастыру алдында бір
қатар дайындық жұмыстарын жүргізу керек: Көшет отырғызғыштың бірінші жүріп
өтетін жолын (бағытын) қазық қағып, тұп-тұзу етіп белгілеу. Бір жолмен
өткенде егістіктің екі жағынан көшет отырғызғышқа айналыс алаңын өлшеу және
бақылау арықтарын тарту. Осы бақылау арықтарының шегіне жеткенде көшет
отырғызады
Көшетті өсірудің тәсілдері. Қызанақтың өнімдерін ерте алу үшін көшетті
өсіретін әдістерді қолданады. Көшет арқылы өсірудің мақсаты – тұқымдардың
өнімділігін арттыру, өсу күштілігін түзетуге, аурулары мен зиянкестерінен
тазарту және жемістерінің ерте пісіп жетілуін тездету. Тұқымы әртүрлі
дәрілермен залалсыздандырады, шылаулайды, тоңазытады, шынықтырады, ауамен
қанықтырып, байытады. Тұқымдардың ірілерін алу үшін 1 литр суға ерітілген 3-
5 грам ас тұзы немесе азот тыңайтқышының ерітіндісіне 50 грамдай тұқым
салып 3-5 минуттай жақсылап араластырады. Тұқымдардың толықтары, үлкендері
ыдыстың түбіне тұнады, ал толық еместері, болашақта көктемейтіндері
ерітіндінің бетіне қалқып шығады. Ерітіндінің бетіне қалқып шыққандарын
алып тастайды, ал тұнбада қалғандарын жақсылап жуып, 10 шақты рет таза
судан өткізеді. Тұқымды залалсыздандыру үшін 1% калийлі марганең қышқылды
(марганцовка) ертіндісіне 20 минут араластырып ұстайды. Осыдан кейін
тұқымды таза сумен жақсылап жуады. 1 кг тұқым 4 г фентитураммен немесе 3
грамм тигаммен залалсыздандырады. Тұқымды микро-макроэлементтер
ерітінділерімен қанықтыру тұқымдардың өсуін тездетеді. Өскіндерінің өсіп-
дамуын жеделдетіп, өнімдерінің молаюын арттырады.
1 тәсіл. Тұқымдарды микро-макроэлементтердің ерітіндісіне шылаулап
бөктіру үшін 1 грамм азот, 1,5 грамм фосфор, 2 грамм калий, 0,3-0,5 грамм
күкірт қышқылды марганец, молибден қышқылды аммоний 0,05-0,1 грамм бор
қышқылы 0,1-0,5 күкірт қышқылды темір 0,02-0,05 грамм күкірт қышқылды жез
0,05-0,1 керек. Осылардың әрқайсысын болек-бөлек ерітіп алып 1 литр
қайнатылып тұндырылған суға құяды. Сирек көзді қапшыққа, болмаса дәкеден
жасалған дорбашыққа тұқымдарды салып аузын байлап осы ертіндіге күндіз 12
сағат 15-20°С жылыда, түнде 12 сағат 1-2°С төменгі суықта 7-10 тәулік
тоңазытып, шылаулап шынықтырады. Бұл әдістен өткен тұқымдардың көшеттері 2°
градусқа дейінгі суыққа төзімді. Қызанақтың көшеттерін өсіру үшін суықтан
қорғалған құрылыстарда, немесе үйдегі терезенің табанша тақтайына
стакандарға, құмыраларға 50-55 күн бұрын тұқымдарын салып, көктемдегі ауа-
райы 16-18°С жылығанға дейін жас өсімдіктерді (екпе көшеттерді) өсіріп
алады. Содан кейін оларды жақсылап өңделген топырақтың 10 см тереңдігіндегі
жылу 16-18°С болғанда отырғызып, өсіріп-өндіру кезеңінің аяқталуына дейін
күтіп баптайды. Қызанақтың ерте пісетін сорттарының көшеттерін өсіру үшін –
50-55 күн, орташа, кеш пісетін сорттарының көшеттерін өсіруге 40-45 күн
кетеді. Ерте пісетін сорттары пленкамен жабылып жылытылған жылыжайларда,
көшет жайларда өсіріледі.
2 тәсіл. Осы құрылыстарда екпе көшеттер екі кезеңде өсіріледі. Біріншісі
тұқымдар 2 x 3 см қоректік алаңға егіліп, 13-20 күнге жеткенше немесе 1-2
нағыз жапырақтары пайда болғанға дейін осы орында өсіріледі. Бұны
көкөнісшілер «екпе көшеттер» дейді, осы кезден бастап екпе көшеттерді бұл
орнынан көшіріп, екінші орынға сиретіп отырғызады, бұл жағдайда екпе
көшеттердің қоректену алаңының көлемі бұрынғысына қарағанда 5-10 есе (6 … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!