Велотректен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар

27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Польшаның Пружков қаласында велотректен лицензиялық әлем чемпионаты өтеді.
Olympic.kz аталған сынға қатысатын спортшылар тізімін ұсынады. Олар: Артем Захаров, Павел Воржев, Максим Налетов, Сергей Пономарев, Роберт Гайнеев, Әлішер Жұмақан және Асылхан Тұрар.
Қазақстан командасының үздігі Артем Захаров әлем чемпионатында жүлдеге тартысу үшін аянып қалмайтынын айтқан.
Дереккөз: prosports.kz/kz