Жаңа білім министрі Күләш Шәмшидинова туралы не білеміз

0

2019 жылдың 25 ақпанында Күләш Шәмшидинова Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі

1979 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін тәмамдаған.

Тағы оқыңыз: Атышулы Мадина Әбілқасымова қызметінен кетті

Еңбек өтілі

Алматы облысы Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі (1979 жылы);

Комсомолдық қызметте еңбек етеді (1981-1986);

Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы (1986), Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы (1991);

Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары (1992);

Талдықорған қаласындағы №18 мектептің директоры (1992-1996);

Тағы оқыңыз: Жаңа ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов туралы не білеміз 

Талдықорған облыстық мәслихатының депутаты (1994-1997);

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары (1996-2002);

ҚР Білім және ғылым вице-министрі (1996-2002);

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры (2005-2007);

ҚР Білім және ғылым вице-министрі (2007-2009);

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ басқарма төрайымы (2009-2019).

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2008).

Тағы оқыңыз: Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді



sputniknews.kz