Усик ESPN нұсқасы бойынша Джошуа мен Ломаченкодан асып түсті » Vesti.kz

0
61
Алғашқы ауыр салмакта абсолют чемпион Александр Усик ESPN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы ретінде мойындалды, – деп хабарлайды «Чемпионат».

2018 жыл украиналықтың карьерасында ең сәтті болды. Қаңтарда ол WBSS турнирінің финалында жетті, ал шілдеде Мурат Гассиевті жеңіп, абсолют чемпион атанды. Оның үстіне ол тарихта алғашқы болып Мохаммед Әли трофейінің иегері және абсолют чемпион атанған адам. Қарашада Усик бұрынғы әлем чемпионы Тони Бельюді нокаутқа түсірді.

ESPN нұсқасы бойынша үздік атануға Василий Ломаченко, Майки Гарсия, Энтони Джошуа және Морис Хукер де үміткер болған.

«Оған кері әсер етуі мүмкін болған жалғыз себеп – 2018 жылы АҚШ-та жұдырықтаспауы еді. Үш жекпе-жегін де ол сыртта өткізді – Латвия, Ресей және Ұлыбритания. Ол өз тарихын жазды. Белбеулерді біріктіріп, Әли атаныдағы трофейге ие болды. Онымен тең келер ешкімді көріп тұрған жоқпын», – дейді Усиктің менеджері Эгис Климас.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/