UFC-дің ресейлік файтері допинг қолданғаны үшін жазаланды
Ресейлік Халид Муртазалиев допинг қолданғаны үшін екі жалға UFC-ден шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
USADA мәліметі бойынша, 25 жастағы Муртазалиевтің зәрінен дростанолон метаболиті табылған. Допинг-сынама 3 қазан мен 6 желтоқсанда алынды.
Енді Халид 2020 жылғы 3 қазанға дейін спорттан шеттетілді. Оны UFC сәт сайын сынақтан өткізіп тұрады.
Айта кетейік, Халид Мұртазаев былтыр UFC-де дебютін өткізіп, нокаутпен жеңген болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz