Бигелді Ғабдуллин | өмірбаяны

0
57

Бигелді Ғабдуллин 1955 жылы 31 шілдеде Ақмола облысы, Макинка ауданы, Қыстау Қарағай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1981), Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтын аяқтаған (1991).

1980–1983 жж. «Ленинская смена» (қазіргі «ЭкспрессК») газетінде тілші, әдеби бірлестік жетекшісі, Қазақстан ЛКЖО ОК жанындағы республикалық жастар шығармашылығы бірлестігі төрағасының орынбасары, 1983–1985 жж. «Казахстанская правда» газетінде тілші, 1985–1989 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары, 1997 жылдан шыға бастаған «ХХІ век» газетінің Бас редакторы болды.

Алғашқы «Таңдау» атты әңгімесі 1981 жылы «Студенческий меридиан» журналында жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазады.

«Өмірді түсінуге құштарлық» (1983), «Жанымыздан тазалық арылмасын» (1983), «Ғасырларға санамыз саяхаттап» (1985), «Тәубеге келу» (1986), «Тарих пен тарихилық» (1990), т.б. еңбектері жарық көрді. 

Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Әбішевтің, Т.Кәкішевтің, С.Бердіқұловтың бірқатар мақалалары мен әңгімелерін, сондайақ Х.Рақымовтың «Сеңгір сырлары» трилогиясының екі кітабын (1987, 1989), Т.Жұртбаевтың «Алып тұлға» деректі повесін (1991), Қ.Жұмаділовтың «Атамекен» романын (1992) орыс тіліне аударды. «Режим и сопротивление» (2001), «Серьезный разговор» (2008) кітаптарының авторы. 2001–2004 жж. АҚШтағы «Вашингтон пост», «Вашингтон таймс» басылымдарында мақалалары жарияланған.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз