Шетелде ойнап жүрген қазақ баласын «Қайрат» миллион еуроға сатып алмақ

0

БАҚ қазақстандық клубтың Сейдахмет келісімшартын сатып алуға ниет етіп отырғанын хабарлады

Расталмаған ақпарат бойынша, алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Уфа» командасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің келісімшартын сатып алуы мүмкін.

KazFootball.kz порталының хабарлауынша, қазақстандық клуб ресейлік премьер лиганың бірінші айналымы аяқталған соң қазақстандық Мессидің келісімшарты үшін миллион еуро ұсынуы мүмкін.

Сейдахмет премьер лигада ресейлік «Уфа» командасының құрамында үш матч өткізіп үлгерді.

Еркебұлан Сейдахмет қазақстандық премьер-лигада «Тараз» футбол командасының құрамында 15 матч ойнап, бір гол соқты.

Форвард Қазақстан құрамасының атынан алты матчқа қатысып, екі гол соқты.