Сауль Альварес GGG-дан кейінгі қарсыласының кім екенін айтты

0

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннен кейінгі қарсыласын атады. Бұл мәлімдемені ол өз Twitter парақшасында жариялады.

Фото: isport.ua

Фото: isport.ua

«Мен сіздерге 15 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласында өтетін жекпе-жегім туралы мәлімдеймін. Қатты толқып тұрмын»,- деген ол жазбасында.

Келесі қарсыласы ретінде 160 фунт салмақ дәрежесіндегі қазіргі WBC чемпионы «Канело» 168 фунт салмақ дәрежесіндегі британиялық Рокки Филдингті таңдаған.