Ресейлік боксшы Фируза Шәріпованы жеңетініне сенімді екенін айтты

0

Ресейлік боксшы Юлия Куценко Фируза Шәріпованы жеңетініне сенімді екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарымта қайтаратыныма 100% сенімдімін», — дейді Юлия Куценко.

Ол әйгілі боксшы Рой Джонспен жаттығу өткізгендіктен өзіне деген сенімі артып отыр. Оның айтуынша, жаттығулардың нәтижесін жұрт дәл осы қазақстандық боксшымен болатын жекпе-жектен көре алады. 

«Рой Джонспен бірнеше күн жаттығу жасадық. Ол маған кейбір комбинацияларды, аяқпен жұмыс істеуді, сол қолымның хук соққысын қолдануды үйретті. Бұдан тыс, Ройдың командасында жұмыс істейтін Жолт Барнмен ұзақ уақыт жаттығу жасадым. Осының бәрі маған өте пайдалы болды, оны Шәріповамен өтетін жекпе-жекте көресіздер», — дейді Ю. Куценко.

Еске сала кетейік, ресейлік боксшы Юлия Куценко әлем чемпионы Фируза Шәріповаға реванш өткізуді ұсынған болатын. Ал WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері, қазақстандық Фируза Шәріпова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы алғашқы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталған.



Дереккөз: prosports.kz/kz