Қазақстанға қарсы матчта Ресей құрамасының капитаны кім болады

0

Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың алдағы матчтарында кімнің капитан болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресейлік футболшылар 21 наурызда Бельгимен, 24 наурызда Қазақстанмен ойнайды.

«Бұл ойындарда капитандық міндетті Артем Дзюбаға береміз», — деді Черчесов журналистерге.

Қазақстан мен Ресей арасындағы матч 24 наурызда Астана уақытымен 20:00-де басталады.



Дереккөз: prosports.kz/kz