Қазақстан үшінші алтын олжалады
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық атлеттер үшінші алтынына қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін зілтемір сахнасына 81 келіге дейінгі спортшылар шыққан болатын. Қазақстан атынан жас атлет Сәпи Есенкелді бақ сынап, өз қатарластарынан озып шықты.
Сәпи Есенкелді қоссайыс қорытындысы бойынша 309 келіні еңсерді. Ол жұлқа көтеруде 134 келіні, серпе көтеруде 175 келіні бағындырған.
Сондай-ақ, қазақстандық спортшы екі бағдарлама бойынша кіші алтын медальді қанжығасына байлады. 81 келідегі күміс және қола медальды АҚШ пен Перу зілтеміршілері иеленді.
Дереккөз: prosports.kz/kz