Қазақстан Молдовамен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан Ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны Түркияда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеп.
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында Қазақстан құрамасы алғашқы дайындығын 15-22 ақпан аралығында Түркияда өткізеді. 21 ақпан күні Молдова құрамасымен жолдастық матч белгіленген.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылатын футболшылардың тізімі кейін хабарланады.