ІІМ курсанты дүкен тонаған екі ұрыны ұстады — Ел жаңалықтары

0

12 қаңтарда ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 3-курс курсанты қаладағы дүкендердің бірінен азық-түлік ұрлаған күдіктілерді ұстады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІО Медиа орталығының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

ҚР ІІО Медиа орталығы Әлі Елнұр оқиғаның қалай өрбігенін туралы айтқан баяндамасын жариялады. 

«Бұл күні сейілдеме уақытында «Эллада» дүкеніне азық-түлік алуға кірген болатынмын. Осы уақытта дүкеннен ұрлық жасап шығып бара жатқан екі азаматты байқап қалдым. Олардың соңынан шыға сала: «Тоқта! Тапжылма!» деп күдіктілерді ұстадым. Одан әрі күдіктілерді ұстап дүкенге алып кіріп, сатушыға апарып, олардың азық-түлікті жымқырғанын айттым. Күдіктілер өз істеген істерін мойындады. Осыдан кейін «102» нөміріне қоңырау шалдым. Дер уақытында полицейлер  келіп, күдіктілерді Оңтүстік полиция бөліміне алып кетті», — деп жазады орталық курсанттың сөзін.

«Эллада» дүкенінің сатушысы және «Жаканов А.Н.» ЖК жетекшілері ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 3-курс курсанты, полиция қатарындағы Әлі Елнұрдың ерлігі, қырағылығы мен батылдығы үшін Академия басшысы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловқа Алғыс хат жолдап, ризашылығын білдірді.

«Академияда курсанттарға кәсіби білім берумен қатар, болашақта адамгершілігі мол, адал, шымыр, өзінің міндеттерін жақсы білетін, батыл, жұртқа үлгі болатын тәртіп сақшысын тәрбиелеу — біздің міндетіміз, — дейді ҚР ІІО Медиа орталығының өкілдері. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz