Қазақстан командасының әлемдік сериядағы қарсыластары белгілі болды

Регбиден Қазақстан әйелдер командасының әлемдік серияға іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды.
Әлемдік серияға іріктеу сыны 4-5 сәуір күндері Гонконгта өткізіледі. Жарысқа жалпы есебі 12 команда қатысады.
Топтық кезең қорытындысы бойынша 8 үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алмақшы.
Қазақстан Бразилия, Аргентина және Польша құрамаларымен бірге С тобында бақ сынайды. Турнир жеңімпазы регби-7 бойынша өтетін әлемдік серияның келесі маусымына еш іріктеусіз қатысатынын еске саламыз.
Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер командасы бұл күндері Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Дереккөз: prosports.kz/kz