Гүлнара Каримованың қызы британ басылымына қамаудағы анасы туралы айтты

0

Баспасөздегі алғашқы сұхбатында 20 жастағы Иман Каримова қамауда отырған анасының өмірі туралы баяндаған. Иманның айтуынша, 15 жасында ол Ұлыбританиядағы Брайтон колледжіне түскен, 2014 жылы Ташкентке демалысқа келген. Сол күні оның үйінен арқанмен арнайы жасақ кірген.

Олар пәтерде болған адамдардың барлығын сыртқа шығарған, анасының барлық құжаттары мен электронды заттарын тәркілеген. «Кейін біздің оққағарлар қайтып оралды, бірақ олар басқа тапсырма алып келген. Енді олар бізді қорғамайды, түрме күзетшілері қызметін атқарады. Анам менің атаммен сөйлескісі келді, бірақ оған жол бермеді», — деді Иман Каримова.

Өзбекстанның тұңғыш президентінің немеесі осы оқиғадан соң Ұлыбританияға қайта алмаған, Ташкент шетіндегі үйде бір жарым жыл тұрған. Оны анасымен бірге үйқамақта ұстаған.

Иман Каримова анасының 30 жастағы көмекшісі Валентина сыртқы шығармағанына қатты қайғырып, өз-өзіне қол салғанын айтты. Валентина балаларын да көре алмай кеткен.

Иман Каримова сірке суын ішіп өлген әйелді үйден қалай шығарғанын көрген.

Гүлнара Каримованың қызы қазір Лондон экономика мектебінде оқиды. Ол 2015 жылы тамызда анасының үйінің асханасында оны қалай соттағанын айтты.

Британдық журнал Гүлнара Каримованың 26 жастағы ұлы Ислам Каримовпен де сөйлесті. Оның Лондонда тұрып жатқанына біраз болды. Ол анасына тағылған айыптардың ауыр екенін түсінеді, бірақ оны Өзбекстаннан тыс жерде соттағанын қалайды.

«Менің анамды Швейцарияда соттағаны дұрыс болар еді, қазір елде оны жеке адам ретінде құртып жатыр», — деді ол.

Abai.kz

Abai.kz