Қазақстан Босния және Герцоговинаны ұта ала ма?

0

Бүгін, 4 қыркүйекте футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында төртінші ойынында Қазақстан Босния және Герцоговинаға қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың бапкері Талғат Байсуфинов алғашқы минуттан қақпашы: Игорь Шацкий, қорғаушылар — Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Роман Вороговский, жартылай қорғаушылар — Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, шабуылшы Артур Шушеначевқа сенім артты.

Қос құрама арасындағы кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары елорда уақытымен 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.