«Қатты тисе де айтайын…» Головкин Қазақстан жайлы шындықты жайып салды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2018/10/7475183.jpg)
Спортшының пікірінше, Қазақстанда жас боксшыларға жағдай жасалмаған
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ аумағында жас спортшыларға қолдау көрсететін GGG Promotion компаниясын ашты.
![Геннадий Головкин Барыс - ЦСКА ойынында Геннадий Головкин Барыс - ЦСКА ойынында](https://sputniknews.kz/images/745/72/7457261.jpg)
Қазір компания Әли Ахмедов, Руслан Мәдиев секілді боксшыларға көмектесіп жатыр.
Головкиннің айтуынша, бұл талантты жігіттердің үлкен потенциалы бар.
GGG журналистердің «спортшылардың жаттығуы неге АҚШ-та өтеді?» деген сұрағына жауап берді.
«Қатты тисе де айтайын, Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ. АҚШ-тағыдай жағдай жасалмаған. Біз таңдап алған жігіттер менімен бірге жаттығады», — деп мәлімдеді Геннадий Головкин.
Боксшы спортшыларды іріктеу кезінде екі маңызды критерийге басымдық берілетінін айтты: олар тәжірибелі және еңбексүйгіш болуы тиіс.
«Үлкен спорт қауіп-қатерге толы, мен өз шәкірттерімнің денсаулығына жауаптымын, сондықтан спортқа келгеніне енді бір жыл болғандар менің командама қосыла алмайды», — деді Головкин.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жекте жеңіліс тапты. Кейін Геннадий Головкиннің Қазақстанға келгені белгілі болды. Мұнда ол Қарағандыдағы спорт кешеніне барды, сондай-ақ Астанада «Барыс – ЦСКА» матчын тамашалады.
https://sputniknews.kz