Сайрагүл ісі: Халық көтерілмесін деген саясат па?

0
azattyq.org

Сайрагүл елде қалатын болды деп, жүрегіміз жарылып еді..Сот солай үкім шығарған соң, үкіметке Құдайдай сендік..Енді комиссия босқын мәртебесі берілмейтін болды деп, шешім қабылдапты..»Екі елдің арасына саяси сызат түседі» екен, босқын мәртебесі берілсе..Паналаушы тұлға ретіндегі куәлігін тағы бір жылға создыра алады екен, ал бір жылдан соң, Сайрагүлді Қытайға депортациялауы мүмкін..Халық көтеріліп кетпесін деген ниетпен уақытша алдарқатқаны ма сонда?..У-шу басылғасын, шығарған шешімдері-балаларым деп, отбасым, елім деп келген қазақтың қызын, Ананы жауыздыққа қиып, Қытайға қайта депортациялау ма, сонда? Қуанышымыз ұзаққа бармады ма?..Ал, өткенде ауызбіршілігімізді, елдігімізді қалай таныттық, бүкіл ел боп қандасымызды қалай қолдадық, бұл жолы да аянып қалмайық, ағайын! Бұл да-бізге берілген сынақ шығар..

Ләззат Ахатова, Facebook парақшасынан

Сурет: azattyq.org