Қанат Исламның ізімен. «Қазақ жауынгері» Қазақстанға ауысуы жайлы ойын айтты
Боксшының айтуынша, ол Астанаға WBC Asia белбеуі үшін жұдырықтасуға келген, алайда, оның қарсыласы әзірбайжан Фарид Алиев (5-0, 5 КО) жекпе-жектен бас тартты.
— Бастапқыда жұдырықтасу керек болған қарсыласым жекпе-жектен бас тартты. Кетіп қалды. Мықты мекмлекеттен келіп еді, күшін көрсетуге. Менің рекордсімді көріп, ойы өзгерген сияқты. Ол мықты бір мектеп өкілі, бірақ, жеңетініме сенімді едім. Осыдан кейін «Астана Арландары» сапындағы боксшы (Мардан Берікбаев) қарсыласым болды. Өте білікті боксшы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы.
— Марданмен жекпе-жекке аранйы дайындалдыңыз ба, қарсылас ауысқанын қалай білдіңіз?
— Бұл жаңалықтан кейін жүк жеңілдеген жоқ. Біреулер ойлар міне, екі қазақ бір-бірімен жұдырықтасып жатыр деп. Бірақ біріншіден, бұл кәсіпқой бокс. Рингте қарсыласқа деген сыйластық қана бар.
— Жекпе-жек тең аяқталды. Бұл туралы не ойлайсыз?
— Бұл шешімді қабылдаймын.
— Қытайда туып-өстіңіз. Мұның алдындағы 15 жекпе-жегіңіз де Қытайда өтті, ал соңғысы — Қазақстанда. Қанат Исламның ізімен Қазақстанға келіп, азаматтық аласыз ба?
— Мұнда келіп, бәрін көрдім. Мені қалай күтіп алғанын. Елдің дамығанын көрдім, инфрақұрылымның. Кәсіпқой бокс деңгейі қандай деңгейде екенін. Неге болмасқа? Залдан «Елшат-Елшат!» деген қолдаулар естідім. Бұл үшін үлкен алғыс. Мұндай қолдауға қуаныштымын. Қазір ештеңені кесіп айта алмаймын. Дегенмен аз да болса, өз үлесімді қосуға дайынмын.
Айта кетейік, Елшат Нығматуллаұлы кәсіпқой боксқа төрт жыл бұрын келген. Қытайда өткен 15 жекпе-жегінің ешбірін жеңілмеген — 14 рет жеңіп, бір рет тең түскен.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/