Рождество мерекесіне теракт әзірлеген лаңкес ұсталды

0
52

Астана. 20 желтоқсан. KAZISLAM – Италияның Ватикан шіркеуінде теракт жасамақ болған Сомали азаматы ұсталды, деп хабарлайды Islam-today.

Айта кетсек, теракт күдігімен қамауға алынған азаматтың жасы 20-да, ДАИШ террористік ұйымына мүше. Лаңкесті құқыққорғау органы телефон әңгімелері арқылы ұстаған. Жас жігіт телефонмен әлдекімге қоңырау шалып Рождество мерекесінде орталықтағы үлкен шіркеуде жарылыс жасайтынын айтқан. Полиция теракт қасиетті Петр шіркеуінде жоспарланған деп болжайды.

Еске салсақ, ДАИШ содырлары мен террористер католиктік шіркеулерге осыған дейін де бірнеше рет қауіп төндірген. Осыған байланысты Петр шіркеуі мен Ватикандағы қасиетті орындарда бақылау күшейтілді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/