Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті » Vesti.kz

0

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге келісті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл мәліметті «Известия» басылымына Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов хабарлаған.

«Конормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге қатысты айтатын болсақ, ондай жекпе-жек біз үшін қызық. Хабиб аралас жекпе-жектегі ең үздіктерді жеңе алатынын көрсетті. Ол бұл жөнінде бұған дейін де айтқан, бірақ көп ешкім сенген жоқ. Алайда Майкл Джонсонды, Эдсон Барбозаны, Конорды жеңгеннен кейін сене бастады», — деді ол.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол МакГрегорды тұншықтыру әдісімен төртінші раундта жеңді.

Бұл жеңісінен кейін ол кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды. Америкалық спортшы ұсынысты қабылдап, өз талаптарын қойды.

Алайда МакГрегор 2017 жылы Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізген. Ол кезде ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен оныншы раундта жеңілді.