Минскіде фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды

0

Минск қаласында (Беларусь) фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар алғашқы ондыққа ене алған жоқ деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан атынан сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева 16-шы орын иеленсе, Жанбота Алдабергенова 23-ші нәтижені көрсетті. 

Ерлер арасында Бағлан Іңкәрбек 27-ші орыннан көрінді. 

Ресейлік Максим Буров пен қытайлық Ментао Сюй Минсктегі әлем кубогі кезеңінде топ жарғанын еске саламыз. 

 



Дереккөз: prosports.kz/kz