Месси мен Роналду 10 жылда алғаш рет «Алтын допсыз» қалды » Vesti.kz

0
Каталониялық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси және туриндік «Ювентус» форварды Криштиану Роналду «Алтын доп» сыйлығына үміткерлердің үштігіне кірмеді, — деп хабарлайды The Sun.

Британиялық таблоид ақпаратынша, дауыс беру процессі әлі жүріп жатыр. Алайда ақпарат әлден әлеуметтік желіде тарап кетіп, аралық қорытынды бойынша, соңғы жылдардағы ең үздік екі футболшы топ-3 тізімге де енбеген. Бұған бір себеп Месси мен Роналдудың әлем чемпионатында көзге түспеуі. 

Франциялық журналист Эрик Мамрутаның сөзінше, аталған сыйлыққа басты үміткерлер тізімінде «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич (жақында ФИФА-дан үздік футболшы сыйлығын алған), оның командаласы Рафаэль Варан және Килиан Мбаппе бар (ПСЖ). 

Еске салайық, Роналду мен Месси соңғы он жылда «Алтын допты» кезектесіп алып келген — бес-бестен. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық Кака алған.