Мамандар: Велоспорт бұқаралық спортқа айналмақ
Еліміздегі велоспорттың дамуына қазіргі атауы өзгерген кәсіби Astana Qazaqstan Team командасының құрылуы үлкен серпін бердідесек қателеспейміз. Халықаралық велосипедшілер одағының талабы бойынша,2023 жылдан бастап әрбір кәсіби команданың жанында әйелдер құрамы мен жастар командалары құрылуы тиіс. Жастардың «Astana Qazaqstan Development Team» құрлықтық командасының құрылуы сондықтан.
Ондағы мақсат – ізбасар дайындау. Оның құрамындағы он спортшының бесеуі қазақстандық. Қалғаны – Италия, Эквадор, Колумбия, Францияжәне Латвиядан келген шабандоздар. Бұдан бөлек, Қазақстан велосипед спорты федерациясыжанынан тағы үш команда құрылды. Жастар командаларынан кәсіби құрлықтық команда құрамына іріктеу жүргізіледі. Жастар командасы тікелей Еуропада өтетін жарыстарға қатысып, бақ сынауға мүмкіндік алып отыр. Шақырымдарында айырмашылық бар демесеңіз, маршруттары үлкен командалар күш сынасатын жолдарға ұқсас.
Елімізде осы спорт түрінің қарқынды дамуы мамандардың көңілінен шығып отыр. Соның бірі – спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен.
«Велоспорт қарқынды дамып келеді. Әсіресе, ірі қалаларда жолдар салынып, дамуға серпін беріліп жатыр. Әр облыста олимпиадалық даярлау мектептерінде велоспорт секциялары бар. Қызылжар велоспорттың мекені болып тұр. Дарынды шабандоздар сол жақтан көп шығыпотыр», — дейді комментатор.
Велоспортқа, оны дамытуға соңғы уақытта бекерден бекер зор көңіл бөлініп келе жатқан жоқ. Оған осы спорт түріндегі жетістіктердің түрткі болғаны құпия болмаса керек.
«Велоспорт мектебінің іргесі берік қалыптасқан.Мәселен, Александр Винокуров – Солтүстік Қазақстан облысының велоспорт мектебінің түлегі. Алексей Луценко (Солтүстік Қазақстан), Александр Шефер, Дмитрий Сидун (Тараз) – осының бір айғағы. Astana Qazaqstan Team құрамына биыл қосылған Нұрберген Нұрлықасым да Тараз велоспорт мектебінен шыққан», – дейді спорт сарапшысы Дина Ысқақов.
Мамандардың айтуынша, қазір әр облыстың велокомандалары, федерацияның бөлімшелері бар. Дәл қазір спорттың бұл түрінің дамуы жаман емес. Astana Qazaqstan Team құрамында 29 спортшы болса, соның оны қазақстандық спортшы.
«Қазір олардың саны 30 пайызға жуықтайды. Қазақстандық спортшылардың санын 50-60 пайызға дейін көтеру керек деген меже қойып отыр. Федерация басшылығы оны команданың тұсаукесер рәсімінде жария етті», — дейді Дина Ысқақов.
Әрине, қазақстандықтар тарапынан бұған наразылық та бар. «Команда құрамында неге шетелдіктер көп? Неге оларға ақша жұмсалуы керек?» — деген пікірлер жиі айтылып жатады.
«Өйткені, бұл – кәсіби команда. Қазақстанның ұлттық құрамасы емес, кәсіби спорт. Футболда Реал Мадрид, Барселона, ПСЖ секілді. Сондықтан шетелдіктердің болуы заңды. Бізде өтіп жатқан жарыстар мен Еуропа құрлығында өтіп жатқан жарыстардың деңгейі екі басқа. Біз де бір күн жарысып, чемпион болады. Ал ол жақта 21 күн жарысып, 3 жарым мың шақырымды бағындырып өтеді. Бұл қазақстандық футболшыны Мессимен бірге ойнатқанмен бірдей өте үлкен тәжірибе!» — деп жауап береді клуб өкілдері.
Ермұхамед Мәуленнің пікірінше, мұның тағы бір себебі – мұндай деңгейде ойын көрсететін қазақстандықтар аз.
«Алексей Луценко – команда капитаны. Le Tour deFrance та керемет ойын көрсетті. Винокуровтыңжасағанын қайталай алды. Италия, Испания жәнебасқа елдерде велоспорт қатты дамыған. Біз солдеңгейге жету үшін бірте-бірте үйренуіміз керек. БАӘ командасында да бірде-бір араб ойнамайды. Бұл қазір таңқалатын нәрсе емес», — дейді маман.
Бірақ бұл – біздің спортшылардың деңгейішетелдіктерден төмен деген сөз емес. Айталық, Луценко әлемдегі даңқы жер жарған велоспортшыларды шаң қаптырып, мәре сызығын бірінші кесіп өткенін жақсы білеміз.
«Бұл жеңіс мықты қарсыластарға қарсы мотивация, тәжірибе жинақтаудың арқасында келді. Луценконың артынан мықты қазақстандық ізбасарлары шығады деп кәміл сенемін», — дейді Дина Ысқақов.
Қазіргі қол жеткізген жетістіктерге Қазақстан велосипед спорты федерациясының көп үлес қосып келе жатқаны құпия емес. Соның мұрындық болуымен, әуесқойлар арасында жарыстар жиі өткізіле бастады. Әсіресе, Алматы қаласында. Tour of Almaty, Tour of World Class Almaty және басқа да жарыстар – осының дәлелі. Astana Qazaqstan Team мамандары, бапкерлер Қазақстан чемпионатынан қалмай, әрдайым блакноттарын қолына алып, үздіктердің есімін түртіп алып отырады. Жаңа есім Нұрберген Нұрлықасым әлемге мәшһүр азулы командаға осылай мүше болғаны анық.
Еуропада кәсіби спортты неге мықты Өйткені,сарапшылардың айтуынша, ең алдымен әуесқой спорт кеңінен дамыған. Еуропалықтар төрт дөңгелекті көліктен, екі дөңгелекті көлікті тиімді санайды. Қаражат үнемдейді, көлігін қайта қоямын деп бас қатырмайды. Денсаулыққа тиімді деп есептейді. Әуесқойларға барлық жағдай жасалған. Велотұрақтарды қаланың әр бұрышынан оңай таба аласыз. Тіпті, велосипедшілерге арналған бағдаршамдар да бар.
«Бізде де арнайы жолдар жасалып жатыр. Қазір велосипед жолымен жаяулар жүрмейтін болды. Адамдарда велосипедшілерге деген құрмет оянып, жол мәдениеті дамып келеді. Велоспорт түбі бұқаралық спортқа айналады деп сенемін», — дейді сарапшы.
Кейбір мамандар Қазақстанның табиғаты велоспорттың дамуына Еуропадағыдай жайлы емесекенін алға тартады.
«Бірақ бізге осы климатқа икемделуге тура келіп тұр. Басты нәрсе – инфрақұрылым. Петропавл қаласын айтпағанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Тараз қалаларында бұл спорт түрі өте жақсы дамып келеді. Ал бұқаралық сипатқа айналуы үшін әр апта сайын жарыс өткізілуі тиіс. Соңғы жылдары пандемияға байланысты велошерулер, үлкен жарыстарымыздың өзі өтпей қалды. Мұндай шаралардың жиі өтуі велоспорттың дамуына әсер етеді. Еуропадағыдай үш адамның бірі велосипед тебетін болса, керемет болар еді. Ол үшін Алматы мен Нұр-Сұлтандағыдай арнайы жолдар салыну керек», — дейді Ермұхамед Мәулен.
«Астана» кәсіби спорт клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, құрылтайшысы – Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры